Жүрек. Жүректің құрылысы мен қызметі
Автор: Аружан Сламжанова • Ноябрь 9, 2022 • Лекция • 839 Слов (4 Страниц) • 374 Просмотры
№12 Лекция
Тақырып: Жүрек. Жүректің құрылысы мен қызметі
Жоспар: Жүректің құрылысы.
Жүрек етінің қасиеті. Тамырдың соғуы.
Кілт сөздер: жүрек, систола, диастола,
Иллюстративті материал: дәрістің мультимедиялық формасын студенттер кафедрадан алады.
Жүректің құрылысы. Жүрек көкірек қуысының сол жағына қарай төмендеу орналасқан. Жүрек конус пішінді бұлшық еттен тұратын мүше. Адам жүрегінің массасы 250 –ден 300 грамм мөлшерінде болады.
Жүрек өзіне құйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын қуыс-бұлшықетті ағза болып табылады. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Жүректің оң және сол жақ бөліктері пердемен бөлінген. Әрбір жүрекше мен қарынша тесік арқылы өзара жалғасқан. Бұл тесіктердің жиектері жақтаулы қақпақшалармен жабдықталған. Жүректің сол жақ қақпақшасы екі жақтаулы, ал оң жақ қақпақшасы үш жақтаулы болады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылып – жабылып тұрады да, олар сіңір арқылы бекілген. Жүректен шығатын өкпе артериясы мен қолқаның тесіктерінде айшық қақпақшалары болады. Осы қақпақшалар қанды артерия мен қолқадан қарыншаға кері қарай өткізбей бір бағытқа қозғалтып отырады (23-сурет).[pic 1]
Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал олардың босаңсуы диастола деп аталады.
Жүректің формасы біршама жалпайған конус тәрізді. Жүректің негізі-жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан. Ол жүрекшеден, алдынан- қолқадан және өкпе сабауынан түзіледі. Жүрекшелерден құралған төртбұрыштың оң жақ жоғары бұрышында төменгі қуыс венаның кіретін жері, төменгі сол жақ бұрышында төменгі қуыс венаның кіретін жері орналасады,солға қарай екі оң жақ өкпе венасының кіретін жерлері, негізінің сол жақ жиегінде екі сол жақ өкпе венасының кіретін жерлері орналасады. Жүректің алдыңғы немесе төсқарғалық беті-алға
23-сурет. Жүрек қанның қасиеті. жоғары және сол жаққа
қарағанда, төстік денесі мен III-VI қабырғалар шеміршектерінің артында орналасады. Жүректің бойлық білігіне көлденең жүретін және жүрекшелерді қарыншалардан бөліп тұратын жүректің жүлге-арқылы жүрек жүрекшелерден тұратын жоғарғы бөлігіне және қарыншалардан түзілетін үлкен төменгі бөлігіне бөлінеді.
Жүрек көлемі жағынан,сол адамның жұдырығына тең келеді деп есептеледі: ұзындығы 12-13см, ең үлкен көлденеңі- 9-10,5см, алғы артқы шамасы-6-7см. Еркек жүрегінің массасы 350г (дене массасының 1/215бөлігі), әйелдікі-250г (дене массасының 1/250бөлігі).
...