Жасушаның молекулярлық құрылымы. Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі
Автор: Akbotaashka • Февраль 22, 2024 • Реферат • 3,078 Слов (13 Страниц) • 117 Просмотры
Тақырып: Жасушаның молекулярлық құрылымы. Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі.
І. Ақпаратты - дидактикалық блок:
Биология тіршілікті материя қозғалысының ерекше формасы ретінде қарастыратын және оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Биологиялық білім біздің тірі зат туралы ойымызды кеңейтеді, адамдарды емдеудің және аурулардың алдын алудың жаңа әдістерін енгізуге, пайдалы дәрілік заттардыалудың және қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын, табиғатты қорғаудың тиімді әдістерін енгізуге мүмкіндік береді. Сондықтан биология медицинаның теориялық базасы деп есептелінеді. Болашақ дәрігерді дайындау үшін медициналық биология пәніне аса маңызды бөлімдер енгізілген: тіршіліктің жасушалық және молекулалы- генетикалық негіздері, генетика негіздері, тұқым қуалайтын аурулар, омыртқалылардың мүшелер жүйесінің филогенезі және паразитологияның негіздері. Биология термині ХІХ ғасырдың басында Ж. Б Ламарк және Г. Тревиранус тіршілік жайындағы ғылымды табиғаттың ерекше құбылысы ретінде белгілеу үшін еңгізілген. Сол кезден бастап биология тіршілік жайындағы ғылым болып анықталады. Биологияның негізгі объектісі тірі ағзалар болып табылады. Тірі ағзаларды құрылымына қарай жасушаға дейінгі және жасушалық ағзалар деп бөледі. Жасушаға дейінгі ағзаларға вирустар мен фагтар жатады. Олардың денесі нуклеин қышқылдары мен оны қоршаған ақуызды қабықшадан тұрады. Вирустар мен фагтар қоршаған өлі табиғатта кристалдық құрылым түзіп, тек басқа тірі ағзалардың: микроорганизмдердің, өсімдіктердің және жануарлар дың жасушаларына енгенде ғана тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді көрсетеді. Яғни олар тірі және өлі табиғатта аралық орын алады, өйткені олар әртүрлі орталарда тірі ағзаларға және өлі обьектілерге тән қасиеттер көрсетеді. Жасушалық құрылымды тірі ағзалар прокариоттар мен эукариоттарға жіктеледі. Прокариоттарға жасушасында ядросы қалыптаспаған ағзалар жатады. Прокариоттар жасушаларында қабықшаның жетілген жүйесі және қабықшалы органоидтар болмайды. Олардың генетикалық материалы қарапайым құрылысты, гистонды ақуызы жоқ, цито плазмада бос жататын сақиналы бір тізбекті ДНҚ молекуласынан тұрады. Прокариоттарға бактериалар мен көк - жасыл балдырлар жатады. Прокариоттар амитоздық жолмен бөлінеді. Ядросы бар ағзалар эукариоттар деп атайды. Олардың ядросы, цитоплазмадан ядро мембранасы мен шектелген. Эукариоттардың генетикалық материалы ядрода жататын күрделі құбылысты ДНҚ тізбегі мен ақуыз молекуласынан тұратын хромасомада орналасқан. Эукариоттар митоздық жолмен бөлінеді. Эукариоттарға барлық өсімдіктер және жануарлар жатады. Эукариоттық жасушалардың компоненттері:
- Жасушалық қабықша цитоплазманың сыртқы ортадан бөліп тұрады. Электрондық микроскоппен зерттеу жануарлардың жасушалық қабықшасы бимолекулярлы липидті қабаттардан және ақуыз молекулаларынан тұратындығы анықталды. Плазмолемма шектеуші, тосқауылдық, тасымалдау, рецеторлық және талғап өткізгіштік қызметтер атқарады.
- Цитоплазма - гиалоплазмадан, органоидтарды байланыстыратын және цитоплазманың коллоидтық қасиеттерін қамтамасыз ететін жасушаішілік процесстердің іске асырылатын жері болып табылатын жасушаның ішкі ортасы.
Органоидтар- белгілі бір құрылысы және арнайы атқаратын қызметі бар цитоплазманың тұрақты жоғары дифференцияланған құрылымдары. Олар құрылысына қарай мембраналы және мембраналы емес және қызметіне қарай арнайы және жалпы қызмет атқаратын органоидтар болып бөлінеді. Мембраналы емес органоидтарға: рибосомалар мен жасуша орталығы, микротүт ікшелер жатады. Қалған органоидтар мембраналы. Арнайы қызмет атқаратын органоидтар жасушалардың белгілі бір типтеріне: миофибриллдер, кірпікшелер, бүрлері жатады. Жалпы қызмет атқаратын органоидтар: барлық жасушаларға тән, оларға эндоплазмалық тор, пластидтер, митохондриялар, рибосомалар, лизосомалар, Гольджи аппараты, жасуша орталығы және микротүтікшелер жатады.
...