Жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес математикадан оқу бағдарламаларының құрылымы, оқу жоспарлары, оқыту тәсілдері және бағалау әдіс
Автор: Baglan2005 • Апрель 10, 2024 • Практическая работа • 7,117 Слов (29 Страниц) • 112 Просмотры
№ 1 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес математикадан оқу бағдарламаларының құрылымы, оқу жоспарлары, оқыту тәсілдері және бағалау әдістерімен танысу. Білім беру технологияларының жіктемесін талдау.
Қысқаша теориялық мағлұмат
Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны: Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пəн жəне сынып аясында оқушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекелеген пəнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі тараптарға оқушылардың белгілі сынып аясында білім беру бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тəжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы – бұл пəннің құрылымдастырылған сипаттамасын, оның білім беру бағдарламасы үшін маңызын, сондай-ақ пəнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тəсілдер туралы мəлімет ұсынатын құжат. Оқу бағдарламасында пəн бойынша оқушылар əр сынып аясында дамытады деп күтілетін білім, білік дағдылар оқу мақсаттары түрінде бейнеленеді. Осы оқу мақсаттарында білім беру бағдарламасының əр сыныпқа арналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды ұсынылған тəртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу бағдарламасы спиральді білім беру бағдарламасының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді. Оқу бағдарламасында қамтылатын мəселелер:
- білім беру бағдарламасындағы пəннің мақсаты, міндеті жəне маңызы туралы тұжырым;
- білім беру бағдарламасында дамытылатын білім, түсінік, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар туралы мəлімет;
- білім беру бағдарламасын оқытуда қолданылатын педагогикалық тəсілдер; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы түсініктеме;
- бағалау тəсілдеріне қысқаша шолу;
- бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы жəне ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті.
ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ - бұл пәнді оқытуда қажетті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мұғалімнің өзі үшін жасаған жұмыс схемасы. Бұл мұғалімнің әдістемелік құралы, ол бөлімді оқып-үйрену барысында оқушылар қандай нәтижеге жетуі керек екенін анықтайды және оқу мақсатына қалай жететінін, бір уақытта қандай формалар, әдістер мен ресурстарды қолданатындығын, сонымен қатар нені түзететінін кезең-кезеңімен анықтайды.
Тапсырмалар:
- 2023-2024ж. Әдістемелік нұсқау хат бойынша математикадан оқу бағдарламаларының құрылымы, оқу жоспарлары, оқыту тәсілдері және бағалау әдістерін сипаттау.
- Ұзақ мерзімді жоспар бойынша оқу мақсаттарының жүйесін талдау, кестені толтыру (6.3-үлестірме материал). Жұмыс нәтижелерін жиынтық бағалауды ұйымдастыру үдерісінде пайдалану жолдарын нақтылау
- 5-7 сынып математикасы бойынша ҰМЖ пайдаланып, сыныптар бойынша бөлімдерге, оқу мақсаттарына тоқталып, талдау нәтижелерін жазу.
- ОМЖ-ны пайдаланып, бөлінген тақырып бойынша бір оқу мақсатына ҚМЖ құру.
[pic 1]
№ 2 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Математикадан цифрлық білім ресурстарын жасақтауға арналған қосымшаларға арналған презентация жасау. Geogebra бағдарламасында ЦБР жасау.
Мақсаты: Geogebra компьютерлік интерактивті бағдарламасын пайдаланып, ЦБР жсауға машықтану.
Қысқаша теориялық мағлұмат
Математикадан ЦБР әзірлеуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалар:
Мaтемaтикaдaн ayызшa еcептеp қocымшacы – oқyшының мaтемaтикaлық aмaлдapды жылдaм opындay icкеpлiктеpi мен мaтемaтикaлық cayaтылығын дaмытyғa apнaлғaн.
...