[Ж] дыбысын буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру
Автор: Nazym1901 • Август 17, 2021 • Практическая работа • 360 Слов (2 Страниц) • 1,441 Просмотры
Сабақ жоспары
Сабақ түрі: Жеке сабақ
Тақырыбы: [Ж] дыбысын буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру
Мақсаты: - [Ж] дыбысын түзету;
- [Ж] дыбысын буын, сөз, сөйлем арасында машықтандыру;
- Тыныс алуын дамыту;
- Жаттығулар арқылы тілдің бұлшық еттерін қатайту.
Түзету жұмысының барысы: Түзету жұмыстары:
І бағыт:
- Артикуляциялық жаттығулар;
- Тыныс алу жаттығулары;
- Фонематикалық естуін дамытуға арналған жаттығу.
ІІ бағыт:
- [Ж] дыбысын дұрыс толық айтуға машықтандыру;
- [Ж] дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында кездесетін сурет арқылы дұрыс айта білуге үйрету;
ІІІ бағыт:
- Фонематикалық естіп қабылдауын дамыту;
- Көріп қабылдауын дамыту;
- Танымдық әрекетін дамыту.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, сергіту, ойын.
Көрнекіліктері: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, «Ж» дыбысы бар суреттер, құрастырмалы суреттер.
Ұйымдастыру барысы: Баламен сәлемдесу.
Негізгі бөлім: Бүгін біз «Ж» дыбысын айтуға үйренеміз. Сабағымызды бастамай тұрып, тілімізді жаттықтырып алайық.
І. Артикуляциялық жаттығулар:
«Түтікше» - тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі.
«Тісімізді тазалаймыз» - жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан-жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.
«Кеме келе жатыр» - жымиып, ауызды ашу, күшпен «ы-ы-ы…» деп айту.
«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек.
«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.
ІІ. Тыныс алу жаттығулары:
Мұрынмен тыныс алу, мұрыннан шығару.Мұрынмен тыныс алу, ауыздан шығару.Ауызбен тыныс алу, ауызбен шығару.
Буында машықтандыру.
...