Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есімімнің этимологиясы мен мотивологиясы, тегім мен әкемнің атының этимологиясы

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Творческая работа  •  416 Слов (2 Страниц)  •  434 Просмотры

Страница 1 из 2

Есімімнің этимологиясы мен мотивологиясы, тегім мен әкемнің атының этимологиясы

Аты-жөнім: Есениязова Жангүл Оразқызы[pic 1]

  1. Тегім – Есениязова. Бұл атамның әкесінің есімі. Аналитикалық тәсіл арқылы есен және нияз сөздерінің кірігуі арқылы жасалған. 1959-1961 жылдары жарық көрген І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» “есен” сөзі – аман, саулық, саламат деген мағынаны білдіреді. “Есен” сөзі түркі тілдеріне ортақ сөз. Ал “нияз” сөзі парсы тілінен аударғанда “дос, жомарт”, араб тілінен “көңілді” деген мәнде қолданылады. Яғни, жаныңда аман-есен жолдасың болып жүрсін деген мағынада қойылған.
  2. Әкемнің аты – Ораз. “Ораз” сөзі араб тілінен тәржімалағанда “ержүрек, батыр, батыл, қорғаушы” деген мағынаны береді. Бірақ әкем қасиетті Рамазан айында дүниеге келген, сондықтан “Ораз” деп атаған. Бұл тікелей ораза ұстауға байланысты, яғни араб тілінен  “тыйылу, тазару, пәк” мағынасын береді, бұл есім әкеме осы мәнде қойылған.
  3. Есімім – Жангүл. Аналитикалық тәсіл арқылы “жан” және “гүл” сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Алдымен, «жан» сөзінің мағынасына тоқталсақ, бұл сөз қазаққа парсыдан енген сөз. Яғни, тіршілік, тірінің бойындағы өмір қуаты, өмір нәрі (жәуһары) деген мағынаны білдіретін сөз. Бұл сөзді жалаң түрде ғана емес туынды сөздерде де көптеп қолданамыз. Мысалы, қазақтағы жануар сөзі, парсының жанәуар (тіршілік иесі, тірі) жан-азар (жанды ауыртатын, ауыртпашылық тудыратын), жанғақ (жан-гаһ)  жан үйі (қабы) сияқты көптеген сөздерді тізбектеуге болады. Екіншіден, қазір де көп қолданылатын рух сөзінің баламасы ретіндегі «жан». Расында, көбіміз бұл сөздерді бір-бірінің баламасы ретінде қолдана береміз. Бірақ Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Нәпсі дер рухсыз жандарды, мейлі адам, мейлі аңдарды» деп рух пен жанның бөлек дүниелер екендігін айтады. Өйткені адамды басқа тіршілік иелерінен дараландырып тұрған жан емес, рух. Себебі, тіршіліктің бәрінде жан бар, ал рух тек тірі адамға тән. Үшіншіден, Құрандағы Рахман сүресінің 15-аятында «Уә халақал-Жаанна мин мәрижин мин Нәәр» (Жындарды оттың жалынынан жаратты) деген сөзіндегі жындардың көпше түрінде айтылатын «жаанн» сөзінің екінші бір мағынасы оттан жаратылған “жындардың атасы” деген мағына бар. Дегенмен қазақтың тілінде Жындардың атасын Жаанн деп атау әдетке айналмағандықтан, біз парсы тіліндегі өмір нәрі, тіршілік қорегі мағынасындағы жан, жаным, жанымның жартысы сияқты сөздері жақсы көретін адамдарымызға қаратып айтуымызда ешқандай әбестік жоқ. Және “жан” сөзі иран тілінен аударғанда “жарқыра, жандыр, жайна” деген мағына береді. Ал “гүл” сөзі тәжік тілінде қызыл гүл (роза) дегенді білдірсе, қырғыз тілінде “нәзік” мағынасында қолданылады екен. Ал қазақ халқы үшін “гүл” әдемілік, көріктілік, сұлулықтың символы болып табылады.

Есімімнің мотивологиясы (уәждемесі). Менің алдымда бауырым өмірге келуі керек болған, бірақ ол шетінеп кеткен. Содан кейін мен туылғам. Атам сонда гүлім, жапырағым өмірге келді деп қатты қуаныпты. Оны көрген атамның Бахтылы атты әпкесі жанымыз қайта бүршік атты, қайта гүлдеді, осы гүліміз әсем боп өсуі үшін жанымызды саламыз деген мағынада Жангүл деп атаған.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (65.9 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club