Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Достық неден басталады?

Автор:   •  Май 12, 2020  •  Эссе  •  1,104 Слов (5 Страниц)  •  1,489 Просмотры

Страница 1 из 5

Тақырыбы:  Достық неден басталады?

Мақсаты: «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру

Міндеттері:

-«Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру;

-достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;

-достаса білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, слайд, «Табиғат үндері» сериясынан аудиожазба, жағдаятты бейнеклип,кішкене жүрекшелер,кілемшелер, ойыншық жүрекше, шырақ

Қос тілдік компонент(Билингвизм): Менің досым- мой друг-my friend;қайырлы таң-доброе утро-good morning; сау болыңыздар-до свидания-good- bye.

Әдістер: сұхбат, түсіндіру, әңгіме,бейне-жағдаятты талдау

– Амансыңдар ма, менің  достарым! Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!Бүгінгі күн біз үшін ерекше басталып отыр. Себебі біз «Өзін өзі тану» әлемінің  «Достық» атты аялдамасына келіп тоқтап, мұнда қалай бір-бірімен дос , тату болу керектігін  үйреніп, «татулық» «достық» ұғымы туралы түсінік аламыз.Бүгінгі іс –әрекетіміздің тақырыбы: «Достық-неден басталады?»

-Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Балалар, бір-бірлеріне қолдарыңды созып, достарымызбен қол ұстасайық,  шын жүректен мынадай сөздермен сәлемдесейік:  

Шаттық шеңбері:                    Good morning                     Круг радости

Біз балдырған тең басқан,      Good morning,         Здравствуй солнце  золотое,

Дос құшағын кең ашқан.        Good morning          Здравствуй небо голубое.

Тілегіміз әділдік,               Good morning to you!     Здравствуй матушка земля,

Ашық болсын кең аспан         Good morning              Это мы твои друзья!

Қайырлы таң!                           Good morning

Қайырлы күн баршаға!           I am glad to see you.

Қош келдіңіз біздің балабақшаға!

Армандайық:

– Достарым, сендер  армандауды ұнатасыңдар ма? Ыңғайланып отырыңдар.    Кәнеки, бірге армандайық!

(Балалар орындықтарға отырады.).

– Біз тып-тыныш отырып, әуенді тыңдайық .

 ( әуен  ойналады. Балалар тыңдап отырады.)

Балалар,сендер өздеріңді тележүргізуші рөлінде елестетіп көріңдер.Бағдарламаның аты «Менің досым» деп аталады. Сендер өз достарыңды қалай елестетесіңдер, сол жайлы армандап көрейік!( «Табиғат үндері»сериясынан аудиожазба ойнайды).

– Өзінің не туралы армандағанын кім айтып бергісі келеді?

(Балалардыжауаптары:Әдия,Жәнібек,Ибрахим,Зережан.Мансұр)

– Тамаша! Сендердің жауаптарың өте қызықты. Мен әрбір адам жақсылықты армандаса, оның арманы міндетті түрде орындалатынын білемін!

«Дәйексөз»

Балалар,ендеше осы «Дос»деген сөздің құдіреті күшті екенін,мәселен,қазақ тілінде «Менің досым»,ал  ағылшын тілінде «My friend»,орысша «Мой друг» деп айтсақ та, бұл сөздің асыл қасиеті өзгермейтінің  біліп жүріңдер!«Достық-асыл қасиет»-деп бекер айтылмаған болар.

Ал, енді балалар, мен сендерге қазір «Үш жолдас » жайлы әңгіме оқып беремін.

Келіңдер оқиық!: В.Осеева «Үш  жолдас»

Тәрбиеші балаларға жаңа тарауды түсіндіру  мақсатында «Үш жолдас » әңгімесін мұқият тыңдауларын сұрайды.(сұраққа жауап береді)

Жағдаятты талдау  (бейнеклип қойылады)

- Балаларға ситуациялық  бейнесюжет  көрсетіліп,  балалардың жауаптары тыңдалады. 
-Балалар, сендерге жалғыз ойнаған ұнайды ма?

-Сендер «Татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті (жартылай шеңбер құрып тұрады.)
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Достар тату - тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
Таңғажайып сәт. / Есік жақтан біреудің жылаған даусы естіледі /
Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы біреу жылай ма, естіп отырсыңдар ма?
- Бұл жүрек екен жылап тұрған.
- Келе ғой кішкене жүрек, саған не болды?
Жүрек: - Мені қатігез досым тастап кетті.Мен жалғызбын, не істерімді білмеймін.
Тәрбиеші: - Балалар қандай аянышты, жұбатайықшы жүректі.
/ Балалар жақындап келіп, жұбаныш сөздерін айтады /

Балалар: - Жүрек, сен жыламашы.(Мәриям )
- Жүрек, сен жалғыз емессің.(Ибрахим)
- Жүрек, біз сенімен дос боламыз.(Жәнібек)
- Жүрек, біз сені жақсы көреміз.(Зережан)

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (101.8 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club