Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адалдық өзімнен басталады

Автор:   •  Ноябрь 1, 2025  •  Эссе  •  420 Слов (2 Страниц)  •  39 Просмотры

Страница 1 из 2

«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»



ЭССЕ

АДАЛДЫҚ ӨЗІМНЕН БАСТАЛАДЫ


Орындаған: Қуанов Данияр
Тобы: НД-24-1

Қарағанды 2025

Адалдық өзімнен басталады

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (Мұхтар Әуезов)

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық" деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойындағы адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Адалдық – адамдықтың белгісі іспетті. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілігімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Мәселен, кімде-кім әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ, өмірінде де, қоғамда да сенім мен құрметке ие бола алмайды деп ойлаймын.

Адалдық – бұл бір қарағанда жай сөз болғанымен, мағынасы мен адам өміріндегі мәні біз ойлағаннан да зор. Адалдықты әрбір адам өзінен іздейді. Бұл ұғым тек ересек адамдарға ғана емес, сонымен қатар балаларға да таныс.

Адал адам өзінің қоршаған ортасында құрметке және ең бастысы, басқалардың сеніміне ие болады. Сол себепті болар, адалдықты ардың ісі дейді, оны адам бойындағы ең жақсы әрі маңызды қасиет деп бағалайды. Өйткені, адал адаммен іс жүргізу өте оңай, әрі біз сондай адамға өзіміздің ешкімге аша алмай жүрген құпиямызды сеніп тапсыра аламыз. Біреудің бойынан адалдықты іздемес бұрын, алдымен осы қасиетті өз бойымызда қалыптастыруымыз керек.

Ең бастысы — өзіне адал болу және өз қателіктеріңді түсіне білу – ересек өмірге және жеке тұлға болуға бағытталған ең алғашқы әрі тиімді қадам. Бұл арқылы біз болашақта айналамыздағы адамдар мен жақындарымызға шындықты оңай жеткізе аламыз.

Абай атамыз өмірінің соңғы жылдарында қырық бес қара сөзді қағаз бетіне түсірді. Олардың мазмұнына терең бойласақ, еңбек тақырыбы адалдықпен ұштасатынын көреміз. Өзінің 29-шы қара сөзінде ұлы ойшыл адал еңбекпен мал іздеу – арлы адамның ісі деп, ар-ұяты бар адам ғана өз нанын адал еңбекпен табатынын меңзеді.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (76.5 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club