Баланын эмоциялык - ерiктiк жаfдайын тyзетуде кyм терапиясын колдану ерекшелiктерi
Автор: Еркеназ Бейсенова • Февраль 12, 2023 • Курсовая работа • 6,484 Слов (26 Страниц) • 179 Просмотры
[pic 1] | «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области | Положение СМК ПП-5.3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы ( проекта) | Издание /басылым 1/2017 Стр/бет. из |
БАЛАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ - ЕРІКТІК ЖАҒДАЙЫН ТҮЗЕТУДЕ ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған: Бейсенова Еркеназ Тобы: 45 Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» Ғылыми жетекшісі: Комаева Маржан Сейфуллаевна «Педагогика және психология» ПӘК оқытушысы |
Семей, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
- БАЛАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ - ЕРІКТІК ЖАҒДАЙЫН ТҮЗЕТУ
- Ерік және эмоция туралы түсінік........................................................4
- Адамның ерiктiк қасиеттерi және олардың дамуы............................6
- Мектепке дейінгі баланың ерік сапаларының ерекшеліктері..........................................................................................8
- БАЛАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ - ЕРІКТІК ЖАҒДАЙЫН ТҮЗЕТУДЕ ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Жалпы терапия туралы. Юнгиялық және Ертегі терапевтінің құмсалғышы.........................................................................................10
- Психологиялық - педагогикалық ғылымда құм терапиясының теориялық негіздері.............................................................................13
- Балалардың танымдық, психологиялық, физиологиялық даму үрдісінде құм терапиясының жүргізудің маңызы..................................................................................................14
- ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
- Зерттеуді ұйымдастыру......................................................................19
- Зерттеу нәтижелерін талдау...............................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................34
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Президентіміз Қасым - Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Осы ретте жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу - осы күннің негізгі міндеті [1]. Бала үшін құмда ойнау - өзі және проблемалары туралы айтудың, эмоционалды стрессті жеңудің, эмоцияларды білдіруге және жеңуге үйренудің табиғи тәсілдерінің бірі. Сондықтан балабақшада құммен емдеу өте танымал. Осы себептермен Баланың эмоциялық - еріктік жағдайын түзетуде құм терапиясын қолдану ерекшеліктері тақырыбын алып отырмыз.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде құм терапиясын тиімді пайдаланса, балаларда психикалық мәселелерді алдын алу мүмкіндігі жоғарылайды.
Зерттеудің мақсаты: құм терапиясы әдісінде құмдағы ғажайып ойындар элементтерін қолдану арқылы танымдылық, психологиялық және физиологиялық дамуына әсерін зерделеу.
Зерттеудің міндеттері:
- психологиялық ғылымда құм терапиясының теориялық негіздерін талдау;
- балалардың танымдық, психологиялық, физиологиялық даму үрдісінде құм терапиясының жүргізудің маңызын анықтау;
- құм терапиясы әдісінде ойын элементтерін қолданудың ерекшілктерін сипаттау.
Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу пәні: психология
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: жұмысты жазу барысында оқулықтар, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, т.б. зерттеулері, сондай-ақ ғалымның пікірлеріне талдау жасап, теориялық тұжырымдарын дамытқан еңбектеріне теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.
...