Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Велотуризмды дамытуда кун энергиясын колдану Road to light

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Реферат  •  856 Слов (4 Страниц)  •  796 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ - 2018» АТТЫ XІІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:

ВЕЛОТУРИЗМДЫ ДАМЫТУДА КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

«ROAD TO LIGHT»

Ергалиева Рабига Сагынгалиевна

Ошакбаева Нурбала Бауыржановна

Халықаралық Бизнес Университеті «Бизнес және Менеджмент» кафедрасы,

«Туризм» мамандығының 3-ші курс студенттері

Ғылыми жетекшісі – С.Сайдуллаев

Астана қ., 2018

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда туризм индустриясы - ең тез дамитын экономикалық сектордың ажырамас бөлігі болып табылады. Туризм индустриясы өзге де шаруашылық сектормен қосылып бір-бірін толықтырады. Атап айтқанда, тамақтану, орналастыру, ойын-сауықтыру, мәдени-танымдық және көлік-коммуникациялық секторлармен біріге отырып туристік өнімді құрайды, сәйкесінше, халыққа туристік өнімді дайындайды.

Қазақстанның географиялық орналасуы және табиғатының алуантүрлілігі еліміздегі туризмнің дамуына үлкен мүмкіншіліктер береді. Соған қарамастан, инфрақұрылым, жарнама және жоғары деңгейдегі мамандардың аздығы секілді ішкі және сырты орталардың әсерінен туризм деңгейі қатты қуанарлық жағдайда емес. Осы атаулы мәселелерді негізге ала отырып, туристік бизнестің даму жолдарының проблемасын шешу ретінде, әрі күн энергиясын пайдалану негізінде халықтың таза ауада, кешкі табиғатта серуендеуіне, сонымен қатар велотуризмды дамытуға мүмкіндік жасайтын Road to light  жоба.

Жалпы, Road to light – күн энергиясын алу арқылы түнде туристер мен велошабандоздар жүретін жолдағы жарық.

Бұл жобаның мақсаты:

  • Велотуризмді дамыту;
  • Тау туризмін дамыту;
  • Велошабандоздарды жол апатынан сақтау;
  • Баламалы күн қуатын қолдану;
  • Шетелдік велошабандоздарды елге тарту;
  • Туристердің жол жүру қатынасын жеңілдету;
  • Туристердің түнде жолды оңай табуы;
  • Заман талабына сай елдегі туризмді дамыту;

Бұл жоба велотуризммен түнгі уақытта айналысатындар үшін таптырмас мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, ешқандай электр қуатын көмегінсіз, күн энергиясын қолдану арқылы Велоспортшыларға қолайлы жағдай туғызумен қатар, жол сапасын арттыру болып табылады.

НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ: Қазіргі таңда велоспортшылардың үздіксіз спортпен айналысуын қамтамасыз ететін, және де баламалы күн қуатын қолдана отырып, осындай жоба жасау идеясы келді.

[pic 2]                       [pic 3]                [pic 4][pic 5][pic 6]

ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСУЫ:  Бұл жоба ең алғашқыда Қазақстанның Алматы қаласында жүзеге асырылады.

Мерзімі: 2019-2020жж.

Жалпы ұзындығы: 30 шақырым

Қазіргі таңда Алматы қаласының 13 көшесінде веложолдар бар. Статистика көрсетуі бойынша, 200 велостанцияда 1730 велосипед саны бар. Жалпы ұзындығы - 68 шақырымды қамтиды.

[pic 7]         [pic 8]

МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАР

ЖОБАҒА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ (SWOT ТАЛДАУ)

S-STRENGTHS(АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ)

W-WEAKNESSES(КЕМШІЛІКТЕРІ)

  • Электр қуатынсыз жұмыс істеуі;
  • Халық үшін ыңғайлы болуы;
  • Жарық-шамдардың қажетсіздігі
  • Көзі нашар көретін жандар үшін таптырмас мүмкіндігі;
  • Электр көзіне қаражат жұмсалмауы

  • Жобаның маусымдылық уақытта жұмыс істеуі; (шамамен 8 ай)
  • Қазақстанның барлық елді-мекендерінде күн энергиясының толық түспеуі;

O-OPPORTUNITIES (МҮМКІНШІЛІКТЕРІ)

T-THREATS(ҚАУІП ҚАТЕРЛЕРІ)

  • Велотуризмге сұраныстың артуы;
  • Түнгі велотур ұйымдастыру;
  • Туристік нысандарға белгіленген маршрут арқылы жету;
  • Қазақстандағы альтернативі жоқ бірден-бір жоба нысанын құру.

  • Ауа райының құбылмалы болуы;
  • Қысқы уақытта қар басып қалуы;
  • Табиғи апаттар болуы;
  • Күн көзінің аз түсуі.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР

1m² = 3800 тг

1 km=1000m²*3800=3.800.000 kzt

30 km * 3.800.000 kzt = 114.000.000 kzt

+ 36.000.000 kzt (қосымша шығындар)

Жалпы: 150.000.000 kzt

[pic 9]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҰСЫНЫСТАРДЫ КЕЛТІРЕМІЗ:

  • ROAD TO LIGHT іс жүзіне асыру үшін материалдық және техникалық базамен қамтамасыз ету;
  • Мемлекет тарапынан қолдау табу;
  • Осындай тұрғыдағы жобаларды ойлап табу үшін саналы ұрпақты тәрбиелеу;
  • Қазақстан Республикасының туристік қызметті реттеудің принциптерін, басым бағыттары мен негізгі мақсаттарын жүзеге асырып, елге пайда әкелердей нәтиже алу үшін, ең алдымен, өз ісінің маманы болатындай кадрларды дайындау және олар үшін арнайы бағдарламалар жасап шығару;
  • Елді халықаралық аренада әлемге таныту үшін Қазақстандағы туристік нысандар жөнінде халықты ақпараттандыру, яғни,  жарнамаға барынша көп көңіл бөлу;
  • Қазақстанның әлемдік деңгейде өзге елдермен тәжірибе алмасып отыруын қамтамасыз ету, сәйкесінше, мемлекеттер арасындағы саяси, ғылыми-техникалық және әлеуметтің ынтымақтастыққа жол ашу;
  • Қазақстандағы ұсынылатын туристік қызметтің сапасына сәйкес бағаларды орнату;
  • Қазақстандағы инфрақұрылымды дамыту.
  • Турфирмалардың халықпен тығыз жұмыс жасаса және шынайы жарнама жасап, халықпен кеңестерімен бөліссе туризмнің дамуы әлдеқайда жоғарырақ болады деп ойлаймыз;

ҚОРЫТЫНДЫ

Сөзімізді қорытындылай келе, Елбасымыздың «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сүйеу бола отырып, туризмдегі  – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары деген болатын. елімізді алға жетелейтін, әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін реформалық өзгерістерді өрістетуге арналған асқаралы асуларды бағындырудың жоспарымен егжей-тегжейлі танысып шыққанымызда, шындығын айтқанда, келешегімізге деген сенім одан сайын өсе түсті. Жаһандану үдерісі бір жағынан экономикалық сын-қатерлерге ұшыратпай қоймауына байланысты оның алдын алуға, болдырмауға ұмтылумен бірге дамуды жеделдету өмір талабы екендігі даусыз. Сол себепті бәрі екшеліп, тұжырымдалған «100 нақты қадам» жөніндегі стратегиялық бағдарламаны айқын мақсаттың үлкен белгісі деп түсінемін. Әрине, оған жету оңай іс емес болмағанымен бұған дейін де Елбасының бастамаларына жұдырықтай жұмылып, көптеген міндеттерді шешудегі белсенділік бұл жолы да алға тартары анық . Аталған жоспарды зерделеу барысында 86 және 87 қадамдардағы  өзекті мәселелер мен талаптар орынды көрінді. Оның назар аударту себебі, өзімнің негізгі мамандығым туризм болғандықтан және еліміздегі туризм саласы жеткілікті түрде әлі де болса өз даму сатысына жетпеген, дегенмен оны дамытуға зор мүмкіншілігіміз бар бола, оны жүзеге асыра алмай отырғанымыз. Ал, біз барда, яғни жастар барда Қазақстан туризмі артта қалмайды.

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (676.9 Kb)   docx (493.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club