Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Амбулаториялық-емханалық педиатрия

Автор:   •  Февраль 3, 2022  •  Тест  •  59,700 Слов (239 Страниц)  •  353 Просмотры

Страница 1 из 239

Кафедра Педиатрия -2

7R01130  «Педиатрия»  білім беру бағдарламасының 2-оқу жылы резиденттеріне арналған 1200 тест сұрақтары

Пән: «Амбулаториялық-емханалық педиатрия»

 

<question> Нәресте 1-ші жүктіліктен, жүктіліктің 2-жартысында токсикоз болған, жүктілік анемиямен өткен. Сәби мерзіміне жетіп туған, туғандағы салмағы  3300г, бойы 51 см, тұншығып туған,кіндігі мойнына 2-рет оралғаны анықталды.  Нәрестенің жағдайы   Апгар бойынша 6-7 балл, 5 минуттан соң  7-8 балл болған. Денсаулық тобын анықтаңыз:

<variant>   ІІ

<variant>  І

<variant>  ІІІ

<variant>  ІV

<variant>   V

<question> Анасы 22 жаста,  соматикалық дені сау. Босануға дейінгі патронаж жүктіліктің 16 және 38 апталығында жүргізілген. Екінші рет босануы. Жүктілігі және босануы қалыпты, ауытқулар болмаған. Ұл бала туған, туғандағы жағдайы  Апгар бойынша  8-9 балл, салмағы 3450,0, бойы 52 см.болды. Емшекке  туа сала салынды, белсенді емді. Қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды. Соматикалық  статусында ақаулықтар жоқ. Туа пайда болған автоматты рефлекстері шақырылады, бейнелі, бірдей.  

Денсаулық тобын анықтаңыз:

<variant>  І

<variant>  ІІ

<variant>  ІІІ

<variant>  ІV

<variant>   V

<question> Мешелдің арнайы алдын алу Д  дәруменімен жүргізіледі.  Қазіргі кезде Д дәруменінің дәрілік түрі қолданылады:

<variant>  Аквадетрим (сулы ертіндісі) +

<variant> Видехол (майлы ертіндісі)

<variant>  Эргокальциферол  (спиртті ертіндісі)

<variant>  Эргокальциферол (майлы ертіндісі )

<variant>  Вигантол(майлы ертіндісі)

<question> Мешел диагнозын қойғаннан соң бала диспансерлік бақылауға алынады. Мешелмен ауыратын балаларды  диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз: 

<variant>  3 жыл

 <variant> 6 ай

<variant>  1 жыл

<variant>  4 жыл

<variant>  5 жыл

<question> Учаскелік дәрігерге 10 жасар бала енжарлыққа, әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, жүрегінің айнуына, бірреттік құсуға шағымданып келді.

Осы балаға диагноз қою үшін бірінші кезекте жасалуы қажет зерттеуді көрсетіңіз:

 <variant>  Тимол сынамасы мен  аминотрансфераза деңгейін анықтау

 <variant> Қан мен зәрдің жалпы анализі

 <variant>  Қандағы билирубин деңгейін анықтау

 <variant>  Зәрді өт пигменттеріне зерттеу

 <variant>  Копрологиялық зерттеулер

<question> 3 жасар баланың дене қызуы  38 –ға дейін көтерілді, ауру сезімді аз қақырықты жөтел пайда болды. Өкпесінде екі жағынан да ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Ентігу болды,  жалпы әлсіздік үдей түсті. Баланы үй жағдайында емдеу үшін тиімді  дәрілік препарат:

<variant>  Амоксиклав

<variant> Стрептомицин

<variant> Пенициллин

<variant> Карбенициллин

<variant>  Гентомицин

<question> Сәбиге  3 ай,   туғандағы салмағы  3200 г. Табиғи тамақтанады, 1айлығында дене салмағы  = 3700 г;  2 айлығында = 4500 г. Мазасыз, кіші дәретке сирек отырады. 3айда салмағын 500 г қосқан. Терісі бозғылт, тіндердің серпімділігі және иілімділігі төмендеген. Бақылау емізуінде  50-60 гр. Сүт емеді.  Ең болжам диагнозды таңдаңыз:

<variant>  Белок-энергия жетіспеушілігінің 1 дәрежесі

<variant>  Белок-энергия жетіспеушілігінің 2 дәрежесі

<variant>  Белок-энергия жетіспеушілігінің 3 дәрежесі

<variant>  Теміртапшылықты анемия

<variant>  Жүйке-артритикалық диатез

<question> Бала  4,5 жаста. Шағымы: тамаққа тәбеті жоқ, құлағы шуылдайды, көз алдында «шіркей» жүрген сияқты болады, ентігеді, жүрегі қағады. Тақпақтарды тоқтатуы нашар, тез шаршайды, қапырық жерде төзе алмайды. Объективті: бозғылт, терісі құрғақ, түлегіш, шашы мен тырнағы жұқарған, сынғыш. Тілдің емізіктерінің сәл  атрофиясы байқалады.   Жүрек тондары тұншыққан. Жалпы қан анализі: эр – 2,8х1012/л, Нв – 75г/л, ЦП – 0,8, ретикулоциттер – 3,5%, лейк – 8,7х109/л, э – 5%, п./я – 3%, с- 41%, лимфоциттер – 44%, моноциттер – 7%, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++, полихромазия, ЭТЖ – 9 мм/сағ.

...

Скачать:   txt (910.4 Kb)   pdf (925.6 Kb)   docx (410.8 Kb)  
Продолжить читать еще 238 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club