Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алтын ұяң –Отан қымбат

Автор:   •  Декабрь 25, 2019  •  Лекция  •  946 Слов (4 Страниц)  •  894 Просмотры

Страница 1 из 4

Тақырыбы: Алтын ұяң –Отан қымбат.

Мақсаты: 1.Еліміздің өткеніне шолу жасап болашағына жауапкершілікпен қарау – борыш екендігін ұғынуларына ықпал ету.

                   2. Ата – баба ерлігін  мақтаныш ету, өскелең ұрпақтың Отанға , елге деген патриоттық сезімдерін одан ары арттыру.

                   3. Оқушыларды Отанымызды сүюге құрметтеуге баулу, рухы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер:  Мақалшылар сайысы; «Ыстық орындық», «Қара жәшік», «Шаңырақ»  әдістері;

                                АКТ қолдану.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, бейнетаспа.

Музыкалық көркемдеу: ҚР әнұраны, «Туған ел » әнінің аудиожазбасы, бейнеролик.

Барысы: Мұқағали Мақатаев «Отан туралы» .

  • Бүгінгі тақырыбымыз:   «Алтын ұяң –Отан қымбат»  деп аталады. Сабақ барысында осы сөздің растығын, Отанымыздың біз үшін өлшеусіз қымбат екенін, Отанымызды мәңгілік сүйетінімізді   дәлелдеп шығамыз деп сенемін. Алғашқы дәлеліміз болсын, «Мақал-сөздің мәйегі » демекші берілген тақырып бойынша сөз мәйегін тамызыңыздар.

Отанын сүйген адам ана тілін қастерлейді, ата – анасын ерекше құрметтейді.

I топ – Отан туралы

II топ – Тіл туралы

III топ – Ата-ана туралы.      

  • Өткенін білмегеннің болашағы бұлыңғыр болмақ. Сіздердің еліміздің өткені мен бүгіні жайлы білімдеріңізді байқайтын кез келді.  

«Ыстық орындық»   ойыны  

I топ

  1. Біздің арғы ата-бабаларымыз?   (Сақтар , ғұндар, түркілер)
  2. Үш жүзді ата (Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз).
  3. Ұлт азаттық қозғалысы кезіндегі батырларды ата (Исатай, Махамбет,Амангелді).
  4.  Еліміз тәуелсіздігін қашан алды (1991 жыл 16 желтоқсан).
  5. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзі бойынша нешінші орында тұр? (9 орын)
  6. Елімізде неше облыс бар? (14)

II топ

  1. Қазақ елінің іргесін бекіткен хан (Қасым хан).
  2. Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).
  3. Жоңғар –қалмақ шапқыншылығы кезіндегі қазақтың атақты үш батырын ата (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай).
  4. Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды? (1941-1945жж)
  5. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толғалы отыр? (28 жыл)
  6. Еліміздегі мемлекеттік маңызы бар қалаларды ата (Нұр-сұлтан, Алматы , Шымкент).

III топ

  1. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында құрастырылды? (Тәуке хан)
  2. «Дарабоз» деп қай батырды қай хан атады? (Абылай хан Қабанбай батырды атады).
  3. Ұлы Отан соғысының батырларын ата (Бауыржан Момышұлы,  Талғат Бигельдинов, Рахымжан Қошқарбаев).
  4. Желтоқсан батырларын ата (Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова).
  5. Еліміздің жер қойнауында пайдалы қазбалардың қанша түрі бар? (90-нан астам түрі бар)  
  6. Мемлекеттік маңызы бар қаланың халық саны қанша болуы тиіс? (Миллионнан жоғары болуы тиіс)

  • Ал  енді осы жауаптарынды топ болып шегелеп жіберіңдер?

I топ Сақтар (Өмір сүрген кезеңі. Шаруашылығы. Патшайымы.)

II топ  Ғұндар  (Өмір сүрген кезеңі. Шаруашылығы. Көсемі.)

III топ Түркілер (Өмір сүрген кезеңі. Шаруашылығы. Патшайымы.)

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (91 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club