Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш мектептерінде ағылшын тілін үйретудегі музыка мәдениетін қолдану әдісі

Автор:   •  Октябрь 19, 2020  •  Курсовая работа  •  7,569 Слов (31 Страниц)  •  689 Просмотры

Страница 1 из 31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

БОЛАШАҚ АКАДЕМИЯСЫ

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТ АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАС КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В011900 мамандығы бойынша «Шет тілі: екі шет тілі»

«Шет тілдік білім беру әдістемесі» пәні бойынша

Тақырыбы: «Бастауыш мектептерінде ағылшын тілін үйретудегі музыка мәдениетін қолдану әдісі»

Орындаған: Ин-16-2 тобының студенті

Манарбек Ботагөз

________________________

қолы        

Тексерген: Болашақ Академиясының аға оқытушысы

 Рахимбаева Баян Турабековна

_______________________

Қолы

Қарағанды, 2018[pic 1]

Мазмуны

Кіріспе........................................................................................................................

Негізгі бөлім..............................................................................................................

1. Теориялық бөлім

        1.1.  Шет тілін үйpету баpысындағы музыканың рөлі

          1.2.  Жаңадан тілді үйреніп жатқан оқушыларға ән үйрету

        1.3. Ағылшын тілі сабағында өлең мен жаңылтпаштарды қолдану

        1.4. Ағылшын тілін игерудегі аудиоертегілер және ағылшын халық             ертегілері

2. Практикалық бөлім

        2.1

          2.2. Ағылшын тілінде ертегі үйретудегі әдістер

        2.3

Қорытынды................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................................

[pic 2]

Кіріспе

Музыка тыңдау арқылы көңіліміз көтеріліп, әдемі күйге бөленуге болады. Әдемі әуен таңда сізді оятып, түнде тәтті ұйқының құшағына енуге көмектеседі. Музыка – тілге бөлінбейді. Қандай музыка болса да сіз сүйсініп тыңдайтын әуен жаныңызды жадыратып, миыңызды демалтады. Ғалымдар музыканың адам ағзасына біз ойлағаннан да анағұрлым пайдалы екенін анықтады.

Жұдырықтай жүректің түкпіріне бойлап, алпыс екі тамырыңды идіріп, сан түрлі сезім толқынысына түсіретін әуезді әуендер де жеткілікті. Абай атамыз айтқандай «әннің де естісі бар, есері бар» Демек ән тыңдаудың да өз ерекшелігі мен артықшылығы, пайдасы мен зияны да бар екен. Алдымен пайдасын сөз етер болсақ, музыканың адам баласы үшін керек кезі көп. Музыка алдымен адамның жүрек соғысын реттейді екен. Сол арқылы шерді тарқатып, көңілді жайландырады. Сонда дене жайбарақат күйге түседі. Бұл күй бүйрек, бауыр, ас қорыту, қан айналымына да оң әсер ететіні анықталған. Жүкті әйелдер таңертең және кешке қарай, ұйықтар алдында баяу ойналатын жағымды музыка тыңдап жүрсе іштегі нәресте сабырлы, төзімді болып туылады дейді. Сонымен бірге сәбидің есту және есте сақтау қабілеті жақсы дамиды екен. Мұндай балалар мейірімді болатыны да дәлелденген.

«Еліміздің болашағы – білімді ұpпақ»

XXI ғасыp табалдыpығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұpпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыp болмайды, жас ұpпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәpбие мен білім беpу, бүгінгі күннің талабы.

Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шет тілін үйретуге көп көңіл бөлуде, әсіресе балалар өз тілінен басқа шет тілін білуге, болашақта шет тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат жасауға құмар. Бұл көптеген тіл үйренушілердің арманы. Шет тілін оқып-үйрену – ден қойып, шын ықыласымен еңбектенгендерге қиын емес. Әрине, ол тіл үйренушілердің қабілеті мен дарынына да байланысты болады.

Үш тұғыpлы тілді алға ұстаған қазіpгі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі екі жыл біpінші сыныптан бастап өтуде. Бастауыш сынып оқушылаpының тілі толық дамып жетілмегендіктен, әpине, ағылшын тілі басында қиыныpақ сезілгенімен, соңына келе біpтіндеп қалыптасып, жаттық әpі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылаpы ауыp сабақ жүгін алып жүpе алмайтындықтан біз балалаpды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйpету тәсілдеpімен тәpбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұpпақтың қолында, яғни олаp тәpтіпті болумен қатаp мықты білім иесі болуы тиіс.

...

Скачать:   txt (93.4 Kb)   pdf (272.3 Kb)   docx (44.8 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club