Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әбіш Кекілбаев пәні

Автор:   •  Декабрь 10, 2020  •  Статья  •  715 Слов (3 Страниц)  •  323 Просмотры

Страница 1 из 3

Ой-толғау

        Әбіш Кекілбаев – ойын анықта , дәл жеткізуімен, оқырманмен жақын тілдесуімен, кейіпкерлерімен бірге өмір сүріп, әр шығармадағы негізгі идеяның өзектілігімен дараланады деп ойлаймын. Менің осы сабаққа дейінгі білгенім, осы сабақтан алғаныма қарағанда әлде қайда тайыз екендігін түсіндім. Көреген жазушының әр шығармасының өн бойын ерекше өрнектермен тоқылған туындыны оқығанда, оқырман бейне бір басқа әлемде өмір сүріп, шығарма кейіпкерлерімен бірге қилы – қилы оқиғаларды бастан кешкендей боласың.

        Әбіш атамызды тану барысында ең бірінші бізге бірі – таныс, бірі – беймәлім әңгімелерден бастадық. Жанрлардың ішіндегі көлемі қысқа, айтар ойы ауқымды, кез –келген жазушының қаламы жүре бермейтін – әңгіме болып табылады. Бас – аяғы шағын әңгімеге ойлаған мәселені жеткізіп, оқырманға оның жауабын тауып, ойында қалатындай етіп суреттеу оңай жұмыс емес. Бірақ, осы ауыр жүкті Әбіш Кекілбаев ойдағыдай алып шықты деп ойлаймын. Қай әңгімесін алсақ та, бір-біріне ұқсамайтын, кейіпкерлерін жан – жақты ашып, көтерген мәселер мен негізгі идеясын бізге жеткізеді. Қаламгерлердің көбі ашпаған тың тақырыптарға еніп, етене бірігіп кеткендігін аңғару қиын емес. Көлемі шағын болғанымен, берері мол әңгімелердің сапасының жоғары екені бірден көзге түседі. Тіпті, бір тақырыпты көтеріп, үш түрлі әңгіме жазса да, әр қайсысы бір – біріне ұқсамайтын даралығымен ерекшеленеді. Тағы бір Әбіш Кекілбаев әңгімелерінде көтерілген мәселелердің бейнесі – әйел образы. Тұтасымен алғанда әйел бейнесін осыған дейінде жазғандар аз емес, дегенмен Әбіш атамыз өзгеше көзқараста, өзіндік ізденімпаздылықпен, жаңа қырынан ашады. Бір Ажар кейіпкерінің өзі - сонау ерте кездегі байырғы образ мифтік тұлғада туып, соғыс кезеңімен жалғасып, жаңа ғасырдағы бойжеткен бейнесімен беріледі.

        Әбіш Кекілбаев туралы таным-түсінігімізді кеңейте түсу үшін – повестерімен таныса бастадық. Мектеп кезінен белгілі таныс – Шыңырау повесті. Қай шығарманы болсын бір рет оқып, уақыт өте келе қайта таныссаң  бұрында байқамаған, аңғармаған сәттерге жолығасың. Дәл сол сияқты осы жолы Шыңырау повесіне екінші көзқараспен қарап, автор көтерген мәселе мен негізгі идеясына көз жеткіздім.

"Бір шөкім бұлт" ширақ қыз жинаған отаудың жүгіндей шап-шағын ғана повесть. Бірақ көтеріп тұрған жүгі зілмауыр. Өзегі тау қойнында бүріскен бір Онды аулының ғана емес, бүкіл ауылдың, қазақ аулының қиын-қыстау жылдары басынан өткерген ауыр халі. Сол мына шығармада сәтімен шертіле қапты.

«Күй» атты туындысында суреттелген басты оқиға – дұшпандық жазаның ең ауыр, сұмдық түрі – мәңгүрт жасау аңызы. Осы аталған мәңгүрт образымен жарыса, тайталаса қатар шығып, күмбезді көкке көтерілген, символдық бейнеге айналған күйші образы.

Жоғарыда талдап кеткен туындылар мен танысқан шығармалардың шамалы ғана бөлігі. Біз танысқан қай повесть болмасын өзекті мәселені көтеріп, оқырман жүрегінен ерекше орын алғанына күмәнім жоқ

        Әбіш Кекілбаевтың тұғыры биік туындыларының бірі – роман. Романның көлемі қаншалықты ауқымды болса, көтеретін жүгіде соншалық салмақты. Соның ішінде тарихи роман, тек шынайылықпен қаңқасы құрылып, кейіпкерлер кең көлемде бейнеленіп, шытырман оқиғаларымен ерекшелернеді.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (65.8 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club