Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ә.Нүрпейісовтың «Соңғы парыз» романы

Автор:   •  Сентябрь 28, 2022  •  Реферат  •  1,944 Слов (8 Страниц)  •  838 Просмотры

Страница 1 из 8

Ә.Нүрпейісовтың «Соңғы парыз»  романы.

Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нүрпейісовтың «Соңғы парыз» атты роман-диологиясы соңғы жылдардағы көркем сөз өнерінің елеулі жетістігі. Сөз өнерінің негізгі салаларының бірі –көркем әдебиет болса, оның санаға, көркемдік сананы байытуға, тағлымын арттыруға қосар үлесі ерен. Кітап жайлы көрнекті жазушы Ә. Кекілбаев «Сең соққандай сергелдең» атты кітап соңындағы мақалада былай дейді: «Әдебиеттегі сонылықты біреулер ешкім жазбаған тақырыпты жазу деп түсінсе, біреулер қай тақырыпта жазсаң да, өзіңше жазып, өзгелер бармаған құпияларды паш ету деп біледі. Әбдіжәміл Нүрпейісов соңғы топқа жататын қаламгер».

Белгілі әдебиеттанушы -ғалым Сейіт Қасқабаев «Постмодернизмнің белгілері бізде де бар» атты «Қазақ әдебиеті» газетінің 2009жылғы 10сәуірдегі 13-номерінде жарияланған сұхбатта былай дейді: «Тіпті, Әбдіжәмілдің «Соңғы парыз» деген романындағы Тәкенов пен дәрігердің мұзда қалып, сеңде жүріп сандырақтап, өзін біртүрлі сезінуін посмодернизм деуге келеді».

Арал бойындағы ауыл, оның тұрмысы, адамдары, мінетін салдырлақ мәшинесі бәрі- бәрі де күні кешегі кеңестік жүйе кезеңіндегі үйреншікті сурет. Жазушы бұл көріністерді анық, бояуы қанық тұрпатта бере білген. Кейіпкерлердің қай- қайсысы болмасын артық- кемісі жоқ, мінсіз, келісті, шалт қимылды, момынының өзі бейжай қалдырмайды. Сезімге дәлел мына бір көріністі баян етелік. Алқам-салқамы шыққан машинаның жүргізушісін алалық. Оның сөзі ше?! Мірдің оғындай. Тура ондыққа тигізіп сөйлейді. Сөзінің өзі бір-бір сурет. «Қырлы стаканға құймай, құмырсқа бел, қылмиған рюмкаға құйған арақ алдына келсе қабағы түсіп кетеді: «Мынау не? Онан да оймаққа құйып бермейсіңдер ме? Бұны көзге тамызбасақ, қалай ішеміз» -деп жұртты ду күлдіреді. Сосын бөтелкеге ұмтылып арақты кесеге немесе қырлы стаканға толтырып құйып, шімірікпестен тартып жібереді.

«Пай! Пай, сексеуілдің шоғын жұтқандай болдым-ау», деп, жұртты тағы да ду күлдіреді де маңдайынан бұрқ ете қалған терді сүртпестен ролге отырады.

Сурет пе сурет. Мінез бе мінез. Әрекет те бар, көркем сөзден де кемде емес. Ә. Нұрпейісовтың жазу мәнеріне тән кесек бейне, келісті мінез галереясы.

Жазушы романда шығарманың басты кейіпкері Жәдігермен сөйлескендей, оның ішкі әлеміне үңілгендей қалыпта баян етеді. Мысалы, «Сен жұмыс іздеп, бір апта салпақтадың. Қайда барса да бұған «Ой, айналайын, жақсы келдің» деп құшақ ашып тұрған жол болмады». Яғни роман үшінші жақпен емес, екінші жақпен жазылған. Бұл автордың өзіне тән стилі, суреттеу тәсілі, қаламгерлік қолтаңбасы. Бұл да қазақ әдебиетінде көркем сөз өнерінің проза жанрында сирек кездесетін стильдік ерекшеліктері.

Қаламгер суреттеуінде теңіздің кескін-келбеті де ғажайып. Мысал келтірелік. «Ұлы теңіз ашулы. Әсіресе, осы жолы өз-өзінен долданып, өкпектеп өкіреді. Қалған дүние жым-жырт.» Мінеки, көркем сурет. Асау табиғат. Бойына жан біткен тірі әлем. Содан соң экологиялық зардап нәтижесінде тасыған теңіздің қара жерге айналған ауқымы да көз алдыңнан өтеді. Туындыда бұл көріністердің бірі былайша суреттеледі. «Баяғыда кеме жүрген қолтық, басаттардың бәрі қазір қара жер. Теңіздің бұл бетіндегі баяғы аралдар –Жалаңаш, Бұйырғанды мен сол анау көз ұшында бұлдырап қалып бара жатқан Көк- Арал -қазір қара жерге тұтасып кеткен. Баяғыда ата -бабалары қостанып жатып балық аулаған су ортасындағы сол аралдарды сен көбінесе көп шамамен ойша танып, көңілі құрғыр күні бойы құлазыды да отырды.»

Және де бір көріністі алға тарталық. «Кенет, елең етіп, еңсеңді тіктеп алдың: Әй-әй, мына шұңғыма шұқыр қайдан шықты? Бұ жерде дәл осындай қазан шұңқыр жоқ еді ғой? Тоқта… Бәтір –ау, мынау Шөміш көл емес пе, әй? Тұзды сор бетіне шыққан мына қазан шұңқыр баяғыда балығы тайдай тулаған атақты- Шөміш көл болды –ау! Ой, адыра қалған ата мекен – ай!» Бұндай салыстырмалы табиғат көріністері дилогияда өте көп –ақ.

Мінеки, экологиялық зардап суреті. Бір кездері уыздай ұйыған табиғи сурет реңі өзге суретпен алмасады. Былайша айтқанда, табиғат суреті экологиялық сипатқа ие болады. Бүгінгі табиғат көріністері көбінесе экологиялық мәселені қозғап кететіндігі де қазіргі таңдағы ақын- жазушы шығармаларындағы әдеби үдеріске айналып отырғандығы да белгілі жәйт.

...

Скачать:   txt (25.8 Kb)   pdf (104.3 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club