Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан тарихы

Автор:   •  Сентябрь 6, 2018  •  Реферат  •  909 Слов (4 Страниц)  •  1,432 Просмотры

Страница 1 из 4

                                                                           Қазақстан тарихы – билеттер

                                                                                            №1 билет

  1. Тас дәуіріндегі Қазақстан/ Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең-тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3кезеңге бөлінеді:1)Палеолит(б.з.б. 2,5млн-12 мыңж). 2)Мезолит(б.з.б. 12-5мыңж). 3)Неолит(б.з.б.5-3мыңж). Палеолит 3-ке бөлінеді:1)Ерте палеолит(б.з.б.2,5млн-140мыңж) 2)Орта палеолит(б.з.б. 140-40мыңж) 3)Кейінгі палеолит(б.з.б. 40-12мыңж). Тас дәуірі-адамның және адам болмысының басты қасиеттерінің қалыптасу кезеңі. Біздің елімізде палеолиттік мәдениеттің 2 таралу аймағы-Сарыарқа мен Қаратау жотасы. Еңбек құралдары:түрлі формадағы үлкен шапқылар(бифас) 2жақты. Адамдар отты пайдалануды үйренді. Аң аулау тәсілдері әртекті болды: от арқылы қамалау, тұзақ, шұңқыр, т.б. Кейінгі палеолитте жасанды тұрғын жайлар-жер усті кепелер мен жертөлелер сала бастады.
  2. Қазақстан 1916ж ұлт-азаттық қозғалыс/ 1916ж көтеріліс-1916ж шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс шығу себебі:соғыс кезінде отарлық езгі күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты. 1916ж 25маусымда армияның жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейін ер-азаматтардың шақыру жөніндегі жарлығы көтеріліс бастауға түрткі болды. Шілденің басында қарулы көтерілістер басталды. Торғай мен Жетісуда танылған жетекшілер:А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев,Ө. Саурықов басшы еткен ошақтар пайда болды. Аса ірі ошақтар:Жетісу мен Торғай.  Жетісуда шілде тамыз айларында жаппай сипат алды. Шілденің17 Жетісу мен Түркістан өлкелерінің әскери жағдайы жарияланды. Патша үкіметі әскери күштер жібере бастады. Қыркүйек, қазан айларының басында жетісулықтар шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары: А.Иманов, Ә.Жанкелдин) 50 мыңдай қамтыды. А. Иманов көтерілісті ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. А. Иманов бас сардар болды. Торғай облысының көтерілісі патша үкіметі құлағаннан кейін ғана тоқтады.
  3. Ұжымдастыру ( 1927-32ж)/ компартияның 1927ж желтоқсанында өткен 15 сьезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ауыл ш ұжымдастыру идеясы әуел бастан–ақ мейілінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен ланкестікке негізделді. Ұжымдастыру алдын-ала даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілік күштеу әдістері жүргізілді. Кедейлерді орынсыз соттау, малын жөнсіз тәркілеу, меншік құқығынан айыру. 1930-32ж аштык етек алды. Аштықтан, індеттен халықтын 40% қырылды. Жаппай жазалау мен аштық халықты көшіп кетуге  мәжбүрледі. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса , 1933ж 1 қантарда 4,5 млн ғана мал қалды. 1932ж “Бесеудің хаты” Голощекинге. (Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев)

                                                                            №2 билет

  1. Қола дәуіріндегі Қазақстан/ Қола дәуірі б.з. дейін 2мыңж-1мыңж. Б.з.дейінгі 2мыңж қола алу тәсілі шықты (мысқа калайыны қосу арқылы). Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақсан жерінде қола дәуірі кезінде өмір сүрген адамдар негізінде мәдениеті – Андроновтар мәдениеті деп аталады. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші Оңт. Сібірдегі Минстк қ маңындағы Андроново селосына байланысты аталған. Қола дәуірінің басты 3 ерекшелігі болды: 1)қола металлургиясы; 2)бақташылық малш-мал өсіру өрістері, уй-жай көбейді; 3)Егіншілік-орташа дәрежеде дамыды. Андроновтар бидай, тары өсірген. Жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Қола дәуірінде қыш ыдыстар жасаған. Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Орталық Қаз. 150 жуық Қабір, 30мекен тұрақ бар. Андронов мәдениеті-Батыс Сібір-Памир тауына дейін.
  2. Тың игеруге жаппай кірісу/ Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығына ауыр болды. 1949ж мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954ж қабылданды. Тың игеруге алғаш 2 жылында республикаға 640мың адам келді. 1954ж бастап егіске жарамды жерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тың игеру Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. 6,5млн га жер жыртылды. 1956ж 16млн астық жиналды. 1940-50жылдары Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселок пайда болды. Тыңға келген адамдар орден, медаль, бағалы сыйлықтар алып жатты. 1960ж Қазақстанға 2млн адам қоныс аударды. КХР 200мың қазақстандық отанға қайтып оралды. 1965ж мал басы 67,4% көбейіп, 39млн жетті. Жағымсыз салдары: топырақ эрозиясы күшейді, топырақтың құнарлы қабаты ұшып кетті, мал шаруашылығы шығынға ұшырады.
  3. Интервенция/ Интервенция – бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіру, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы. Интервенттердің мақсаты: 1)Большевизмді қоршауға алып, жою. 2)Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтару.

                                                                              №3 билет

  1. Сақтар. Шаруашылығы мен мәдениеті/ Сақтар-б.з.б. 1мыңж Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Сақ топтары: 1.Теңіздің арғы жағындағы сақтар(парадрая) Қара теңіздің солт., Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмудария төменгі ағысы. 2.Шашақ бөрікті(тиграхауда). 3.Хаома сусынын дайындайтын сақтар(хаумавар).

Негізгі шаруашылығы-мал шаруашылығы болған: жылқы, сиыр, қой, түйе ұстаған. Жылқы өсіру маңызды рөл атқарған. Сонымен қатар егіншілікте дамыған. Сақтар жауынгер тайпа болған, әйелдер сыйлы болған. Көптеген елдер сақтарды жаулап алуды көздеген, дегенмен ойлары іске аспаған.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (117.6 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club