Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазак ұлттык колөнерiнiн этномәдени уәждемесi

Автор:   •  Декабрь 19, 2022  •  Реферат  •  2,440 Слов (10 Страниц)  •  188 Просмотры

Страница 1 из 10

[pic 1]

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ УӘЖДЕМЕСІ

Жүзбаева Мерейлім

1-курс, Ғылым және технологиялар мектебі

Кіріспе

Өнер бұрынғы кездерден бастап адамның өз сезімдерін және ойларын білдірудің бір жолы болатын. Алайда өнердің басқа да қолданылуы бар, ол – халықтың өмір салтын көрсету. Яғни, өнер деген әр халықта бар және де ол сол халықты толығымен сипаттай алады деп ойлаймын. Халықтың өнері халықтың тұрмысы өзгерген сайын өзгеріп, дамып отырады. Ал өнердің бір түрі қолөнер жайлы айтсақ, бұл халықтың тұрмыс тіршілігін, өмір салтын, белгілі бір уақытта немен айналысқанын көрсетеді. Оның себебі, ежелден қару жарақтарды, керек тұрмыс заттарының барлығы тас қашау, жүн, ағаш, саз балшық қолдану арқылы өз қолдарымен жасалған. Қазақ халқының мәдениетінде қолөнердің рөлі зор болғандықтан, қолөнер арқылы қазақ халқының қасиеттері, тұрмыс тіршілік ерекшеліктері, тіл ерекшеліктері мен ұлттық құндылықтарын көре аламыз [1]. Қолөнер арқылы көптеген бұйымдар жасалынады: сондықтан да, менің ойымша, қазақ халқының қолөнерін әйелдер және еркектер қолөнері деп екіге бөлуге болады. Еркектер тастан, металдардан және ағаштан жасап, көбінесе тұрмыста қажет бұйымдар жасаса, әйелдер көбінесе сәндік қолданбалы өнермен айналысқан. Сондықтан да, бұл эссе қазақ халқының қолөнерінің түрлері, негізінен кесте тігу және зергерлік өнерлерінің ерекшеліктерін сипаттап, тілдік бірліктерді зерттейді де, жалпы ұлттық қолөнер бұйымдарының сипатынан қорытынды жасап, анализ ретінде қазақ қандай халық деген сұраққа жауап іздейді.

Негізгі бөлім

«Шеберлінің қолы – алтын»
Қолөнердің шығу тарихы мен түрлері

Қазақ халқында сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі адамдар өте көп. Дарынды да, өнерлі қазақтар көбінесе өздерін өнерде көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық қолөнері халқымыздың ажырамас бөлігі деп те санауға болады. Қазақ қолөнерінің шығу тегі сонау тарихтан, халқымыздың көшпелі өмір салтын кешкеннен бастау алады. Қару-жарақтар, тұрмыстағы мүліктер, киіз үйдің өзі де қазақ халқының қолөнер өнімдеріне жатады. Киіз үйдің сүйегі ағаш шеберлерінің еңбегі болса, сәндік әшекейлер зергерлердің еңбегі болып келеді. Қазақтар қолданып жатқан заттары мен бұйымдарының көбісі қолөнер өнімдері болғандықтан, қазақтың ұлттық қолөнерінің түрлері өте көп. Зергерлік, кесте тігу, көрпе жасау, қару-жарақ жасау, тоқыма, киіз басу, киім тігу және де басқа түрлері бар [2].

Зергерлік өнер бұйымдарына алқалар, білезіктер, сәукеле, жүзік-сақина деген сияқты алтыннан, күмістен, қоладан және де асыл тастардан жасалатын заттар жатады. Киіз басу ұлттық қолөнерінің өнімдеріне сырмақ, киіз, текемет, киіз сүйектері жатады. Кестені көркемдеп тігу де қазақ ұлттық қолөнеріне жатады. Осыған қоса, өнердің бұйымы қандай материалды қолданып жасалуына байланысты да бөлуге болады. Алтын мен күміс зергерлікте, кілем, алаша, қоржын жүннен, жіптер кесте тігуде пайдаланатын болса, ағаштан шеберлер ағаш бұйымдарын жасайды [2].

Қазақ қолөнері біздің мәдениетіміз бен тарихымызбен тығыз байланыста болғандықтан және де біздің материалдық құндылықтарымызды көрсетіндіктен[a], қазақ тілінде қолөнер жайлы көптеген сөздер мен сөз тіркестері бар. Қазақтың ұлттық қолөнерінің зергерлік өнер түрі де осыған мысал бола алады.

“Ер қадірін ер баққан ерлер білер, зер қадірін зер соққан зергер білер.”
Зергерлік өнер

 Қазақтың ұлттық зергерлік өнері қола дәуірінен, сақ, үйсін, ғұн және түрік кезеңдерінен бастау  алады. Сол кезеңдерде бір діни-таным, сенімге байланысты ерекшелеп киілетін[b] болса, уақыт өте келе адамның жасын, беделділік пен материалды жағдайын ажырату белгілеріне айналды. Зергерлік өнер бұйымдары негізінен сәнді болуға және келбеттің салтанатын арттыру мақсатында қолданылады, бірақ та кейбір жекелеген бұйымдар өзінің артында мағынаны сақтап жүргені қазақ халқымыздың түсінігінде әлі де қалған. Қазақ халқының зергерлік қолөнерінің басқа халықтардың зергерлік өнерімен салыстырғанда бір айқын ерекшелігі – көшпенді тұрмыс тіршілігіне байланысты тұрақты ұстаханалардың болмауы. Ұсталар отырықшы аудандардағы аула ішінен икемдеп алған шағын шеберханаларда жұмыс жасаған. Жаз мезгілінде ашық ауладағы қалқада жұмыс істеген [3].

...

Скачать:   txt (33.7 Kb)   pdf (190.3 Kb)   docx (46.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club