Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хорасанда Йәхия ибн Йәхия

Автор:   •  Декабрь 26, 2018  •  Доклад  •  874 Слов (4 Страниц)  •  482 Просмотры

Страница 1 из 4

Сапар барысында Хорасанда Йәхия ибн Йәхия әт-Тәмими

мен Исхақ ибн Раһауайһ, Рейде Мұхаммед Мәһран мен Әбу

Ғассан, Ирақта Ахмад ибн Ханбал мен Абдуллаһ ибн Мәсләмә,

Хижазда Сағид ибн Мансұр, Әбу Мусғабтан, Мысырда Амр

ибн Суад пен Хармәлә ибн Йәхия сынды имамдардан хадис

алған.

Сондай-ақ ең көп хадис алған ұстаздарының арасын-

да Ахмад ибн Жүніс әл-Йәрбуғи, Исмайыл ибн Әбу Уәйс,

Сағид ибн Мансұр, Әбу Бәкір ибн Әбу Шәйба, Осман ибн

Әбу Шәйба, Мұхаммед ибн әл-Мусәннә, Мұхаммед ибн Йәсар

сынды танымал хадис ғалымдары да бар. Ол сонымен қатар

имам әл-Бұхаридің ұстаздарынан хадис риуаят еткені секілді

әл-Бұхаридің өзінен де хадис риуаят еткен, ал әл-Бұхари

Муслимнен хадис жеткізбеген.

Одан Әбу Иса әт-Термези, Ибраһим ибн Әбу Талиб,

Мұхаммед ибн Исхақ ибн Хузеймә, Әбу әл-Аббас Мұхаммед

ибн Исхақ ибн әс-Сарраж, Әбу Хамид әш-Шарқи, Әбу Хамид

Ахмад ибн Хамдун әл-Ағмаш және т.б. риуаят еткен.

Көптеген ғалымдар имам Муслимнің білімі мен ерекше

қабілеті туралы жақсы пікірде болған. Әбу әл-Фадл Ахмад ибн

Сәләма: «Мен Муслимге Әбу Зурға мен Әбу Хатимнің қалай

қарым-қатынас жасағандығын көрдім. Олар өз уақытында Мус-

лим ибн әл-Хажжажды хадис іліміндегі ең озығы деп таныған

болатын»,– деген.

Әбу Қурайыш: «Төрт хафиз бар. Олар: Әбу Зурға,

Мұхаммед ибн Исмайыл, ад-Дарими мен Муслим»,– деп

айтқан.

Мәсләмә ибн Қасым: «Ол сенім білдіруге тұрарлық

хафиздардың бірі және хадис ілімі саласында үлкен білім иесі

болатын»,– десе, Халили: «Оның артықшылықтары туралы

айтудың қажеті жоқ. Ол онсыз да танымал»,– деп баға берген.

Имам Муслим танымал сахих хадистер жинағынан басқа

«ат-Табақат», «әл-Әсмә уә әл-куния», «әт-Тамииз», «әл-Иләл», «әл-Әфрад», «әл-Әқран», «Әфраду әш-Шәмиин», «Әуләду әс-

Сахаба», «Әуһаму әл-Мухаддисин», «әл-Мухадрамун» секілді

бірнеше құнды еңбектер қалдырған.

Имам Муслимге сахих хадистерді жинақтауға шәкірттерінің

бірі себепкер болғандығы айтылады.

Одан шәкірттерінің239 бірі барлық сахих хадистерді

бір кітапқа жинастыруын сұрайды. Муслим оның өтінішін

назарға алып, «әл-Жамиғу әс-Сахих» кітабын жазып шығады.

Ол сахих жинағына 300 000 хадистің арасынан 4000-ға жуық

хадисті таңдап енгізген. Ал жинағындағы қайталанып кел-

ген хадистермен бірге барлық хадистердің саны он екі мың

хадис. Муслимнің жинағы 54 кітапты біріктіргенімен, тәпсір

кітабын қамтымағандықтан кейбір ғалымдар оның жинағын

«әл-Жамиғ» деп атамай, «әл-Муснәду әс-Сахих» деп атаған.

Кейбір ғұламалар Муслимнің кітабын әл-Бұхаридің

сахих жинағынан жоғары деп бағалаған. Солардың бірі Әбу

Әли ән-Нисабури: «Муслимнің кітабынан артық сахих кітап

жоқ»,– деген. Кейбір ғалымдардың бұндай көзқарасына

Муслим жинағының әл-Бұхаридің жинағына қарағанда тәртіп

пен жүйелілік жағынан басым тұрғандығы себеп болса керек.

Дегенмен көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, әл-Бұхаридің

жинағы, хадистердің тізбегіндегі рауилердің жалғасуын қатаң

қадағалауы жағынан жоғары тұрады. Өйткені, әл-Бұхаридің

хадис жеткізушілерге қойған шарттарының бірі рауилердің

бір-бірімен кездесіп, хадисті ауызба-ауыз алуы болған. Ал,

Муслим, рауилердің бір-бірімен кездесуін шарт ретінде

санамай, замандас болуын жеткілікті санаған. Сол секілді

кейбір ғалымдар тарапынан мін тағылған хадистер саны

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (130.6 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club