Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фонетика және оның салалары

Автор:   •  Сентябрь 13, 2021  •  Реферат  •  443 Слов (2 Страниц)  •  1,058 Просмотры

Страница 1 из 2

8 апта СЕМИНАР

                       Тақырып. Фонетика және оның салалары.

Жоспары:

1. Фонетиканың нысандары.

2. Сипаттамалы және тарихи фонетика

3. Салыстырмалы және  салғастырмалы фонетика.

      1. Фонетика - (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.

     Фонетиканың зерттеу нысандары:тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.

     Сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондықтан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.

     2.Зерттеу, сипаттау тәсілдерне қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.

Сипаттамалы фонетика (синхрониялық және статистикалық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады. Тілдік дамудың бүгінгі кезеңіндегі дыбыстардың сапалық белгілерін, сандық құрамын, олардың тіркесуін, буын, екпін мәселелерін үндесу заңдылықтарын, орфография және орфоэпия мәселелерін анықтайды.

Бастауыш, орталау, орта және жоғарғы оқу орындарында сипаттамалы фонетика оқытылады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары акдемик I.Кеңесбаевтың 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында баяндалған. Сипаттамалы фонетиканың зерттеулеріндегі жетістіктер І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, К.Бейсенбаева, З.Базарбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (81.7 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club