Тәуелсіздікке-30 жыл!
Автор: Dii1naz • Февраль 6, 2023 • Эссе • 369 Слов (2 Страниц) • 165 Просмотры
Тәуелсіздікке – 30 жыл!
Тәуелсіздік – ол еркіндік. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толып отыр.Осы 30 жылдың ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті.Әлемге жеке дара дербез ел екенін дәлелдеді.Өз шекарасын бекітіп, мемлекеттік рәміздерін енгізіп, тілі, діні, салт-дәстүрі сақталған зайырлы мемлекетке айналды. Тәуелсіздігімізді мойындаған ең алғаш мемлекеттің бірі Түркия болды.Тек Түркия ғана емес басқада мемлекеттер мойындап, қолдау көрсетті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетті қалпына келтіру үшін көптеген жұмыстар жасалу қажет болды. Оның ішінде экономика, ішкі-сыртқы саясат, ұлттық рәміздер т.б.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылды үш онжылдыққа бөліп алсам.
Бірінші онжылдықта басқару жүйесі қалыптасты, ұлттық валюта қолданысқа енгізілді. Сыртқы елдермен саяси қарым - қатынас орнады. Қарулы күштер құрылды. Басқа мемлекеттерге тараған қазақ халқын өз еліне қайтарып, ел еңсесін тік ұстап, ұлттық рух биікке жоғарылады.
Келесі онжылдықта мемлекеттің керегесі кеңейіп, экономика және нарықтық жағдайы жақсарды. Қазақстанның шекарасы айқындалып, заң жүзінде бекітілді. Көптеген әлемдік халықаралық жобаға қатысып, басқарушыда болдық. Биік ғимарат құрылыстары жедел қарқынды дамып, Қазақстанымыз одан әрі көркейе түсті.
Үшінші онжылдық еліміз үшін маңызды кезеңдердің бірі болды. «Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданды. «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» секілді көптеген бағдарламаларда жүзеге асты. Сонымен қатар «Болашаққа бағдар рухани жаңғыруғада» аса мән бердік.
Осындай жетістіктердің барлығына Елбасымыздың көшбасшылығымен, қазақ халқының парасаттылығы, ынтымағы мен бірлігінің арқасында қол жеткіздік.
Тәуелсіздікке жету жолдары оңай болған жоқ. Екі ғасырдан астам уақыт бойы Ресейдің езгісінде болып, ата – бабамыз тәуелсіздікке жету үшін көптеген қиындықтарды басынан өткізді. Атап айтар болсақ 1932-1933 жылдар аралығындағы ашаршылық, көптеген ұлт-азаттық көтерілістер, саяси қуғын сүргіндер т.б. Сонымен қатар біз тәуелсіздік үшін Ресей өкіметіне қарсы шығып, қуғынға ұшыраған қазақ зиялыларын , Желтоқсан оқиғасында қыршыннан кеткен қазақ жастарын жүрегімізде мәңгі сақтап ұмытпауымыз қажет. Себебі олар біз үшін күресті.
...