Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіздікке 30 жыл, болашаққа нық қадам жастардың еншісінде

Автор:   •  Июнь 8, 2022  •  Эссе  •  717 Слов (3 Страниц)  •  178 Просмотры

Страница 1 из 3

                      Тәуелсіздікке 30 жыл, болашаққа нық қадам жастардың еншісінде

Міне, бүгінде тәуелсіздіктің 30 жылдығын жүзімізге толған қуаныш пен тұла бойымызға тараған тәуелсіз бақыттың тәтті балы мен жүрегімізде қалған ащы мұң, сағыныш зарыменен,көзімізге қуаныш пен қайғының  жасы қатар келіп осынау арман болған күнгеде жетіп отырмыз. Кеше ғана  тәуелсіздікке 20 жыл деп әлі бала болсамда ойланып, тебіреніп,көзіме жас алып шығарма жазып отырған он жасар оқушы қыз едім, көзді ашып жұмғанша  10 жыл өтіп кетіпті. Бүгінгі жүрегімнен қағазға түсетін сөздерімді, қолдарында болашақ есігінің кілті бар қазағымның жастарына арнамақпын.

Ия,Алаштың Тәуелсіздігі қалай келді деп ойлайсыз жас ұрпақ?! Ең, алдымен Тәуелсіздік сөзіне мән беріп көрейікші.

Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуы; сол аумақты басқаратын мемлекеттік биліктің болуы; елдікті нақыштаған әнұран, тудың және елтаңбаның болуы, бір сөзбен айтқанда еркін қыран құс іспетті емес пе?!

Тәуелсіздік қазаққа «Тәуекелге бел буған арғыда ата-бабаларымыз, бергіде әпке-ағалармыздың жан-кешті, ерік-жігері мен бойларында ұлтымызға, туған жерімізге деген сүйіспеншілігі мен мейірімі, халықына деген жан ашыр батыл жүрегі болмаса келер ме еді?» деген сұрақ көкейімнен кеткен емес.

 Халқымыздың тәуелсіздікке ғасырлар бойы ұмтылған күресінің шығар шыңы мен шарықтау шегі «Желтоқсан оқиғасымен» аяқталғаны баршамызға мәлім.

1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті күн болды. Дәл осы жылдың ызғарлы желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды тіпті қаһарлы империяда сескендірген жоқ.Осындай күштің пайда болуы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Расында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға болды. Қазақстандағы билікті қазақ басқаруы керек деген ұранмен кеңес өкіметтіне қазақ жастары ашық қарсы шықты.Алаңды өз қандарымен жуған жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, бодандықтан арылып, бостандықта өмір сүру бақытына ие болдық.

Ия, жас ұрпақ! Қазақ!

Сен осындай қайсар халықтың ұрпағысың,мақсат болған болашағысың!

Сені және мені болашаққа нық қадам бассын,өзге елге «Ұлы-құл,Қызы-күң болсын» деп рухы биік,арманы асқақ қаншама жандар құрбан болды.Айталық, Түгелбай Тәшенов, Ербол Спатаев,Қайрат Рысқұлбеков сынды ағаларымыз, әпкелеріміз Кенжегүл Молданазарва, Сабира Мұхаммеджанованың және Ләззат Асанованың өлімдері, сонымен қатар 1000-нан аса боздақтардың бас бостандығынан айырылуы бүгінгі жастар үшін өшпес өнеге болмақ.Кешегі қанды күреспен келген жеңіс,қазіргі аяғымызбен еркін басып жүрген тәуелсіз байтақ дала.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (43.9 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club