Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Реалистік эстетика және стиль

Автор:   •  Сентябрь 19, 2022  •  Реферат  •  6,471 Слов (26 Страниц)  •  141 Просмотры

Страница 1 из 26

Реалистік эстетика және стиль

M. О. Әуезовтің 1920-30 жылдардағы әңгіме-повестерінде сод

тұстағы ұлттық проза үрдістерінен өзгеше көркемдік-эстетикалық та-

ным айшығы байқалады. Ол жазушының тақырып етіп алған өмір

құбылыстарының бұрын көзге іліне бермейтін тосындығынан, қыр

70тұрмыс-тіршілігіне деген жаңа көзқарастан, шығарма нысанын бейне-

леу, астарлы тұжырым түю және стиль поэтикасынан да аңғарылады.

"Қыр әңгімелері" мен "Қыр суреттері" негізінен халықтың тарихи-

этнографиялық құндылықтарын сағына еске алу, дәріптеу, этномәдени

дәстүрлердің ұйымдық сана-сезім диалектикасымен тұтастығын әсемдік,

қаһармандық, асқақтық аяларындағы тұтас дүниесезіну өрнектері

ретінде рухани толысыммен суреттеу сарынына құрылған. Бұл туын-

дыларда фрагментарлық көріністер, ашық композициялық, аяқталмаған

мекеншақтық (хронотоп) тәсіл-машықтар басым келсе, 1921 жылы

дүниеге келген тырнақалды прозалық туындысы есепті "Қорғансыздың

күніндегі" көркемдік пен эстетикалық сезім ауқымы уақыт пен кеңістік

категорияларының терең үйлесімі арқылы мүлде жаңашыл сипат алады.

Әңгіме сюжетінің өмірлік негізге кұрылғаны, протиптері

туралы әр алуан пікірлердің қалыптасқаны белгілі /1, 224/.

"С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара

жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ

жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп,

дәмелдендіріп тұрады. Жолдың аузында көлденең созылып жатқан

тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге сықылды, жалғыз тау. Не

бауыры, не сыртында ықтыртын жоқ ысқаяқ. Арқалық жадағай, жалғыз

қабат болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да

паналығы жоқ: азынап тұрады. Қыстың басынан екі жағын қар алып,

жұмыртқадай қылып, тегістеп тастайды.

Сондықтан өзге жер ашық болып тұрғанда, Арқалықтың бауыры

көбінесе бораннан босамайтын. Алыстан қарағанда да Арқалық бұдыры

жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз" /2, 103/, - деп пейзаждық суретпен

басталатын әңгімеде пластикалық толымдылық пен эстетикалық мағына

аса бай. Бірден-ақ көркем өнердегі дәстүрлі жол мекеншағына (хро-

нотоп) кездесеміз. Мұндағы ең үлкен топос - дала. Ол фольклор мен

әдебиеттің барлық жанрларында сан қилы эмоционалды-экспрессивті

баяу реңктері мен түрлі жағдайларда бейнеленгені мәлім. М. Әуезов

классикалық үрдіс дағдысы бойынша тағы бір кеңістік межесі - Се-

мей каласын С. әрпімен ғана таңбалайды. Алайда ол мекендік орта

елсіз жапан түзбен антиномиялық қарым-қатынаста алынғандықтан,

суреттелетін уақыт сипатына сөзсіз драматизм үстейді. Алдағы ме-

зетте осы тұсқа тап болатын жолаушылар үшін жайсыздық ықпалын

күшейтетін - ара қашықтық феномені. Қаламгер әдеттегі өткен

шақтық етістіктің -ды, -ді, -ты, -ті формаларынан гөрі модальдық

сөздерге бітетін немесе сын есім-баяндауышқа құрылатын атау сөйлем

71

ыңғайындағы үлгілер ақылы авторлық көзқарас пен баяндау кеңістігіне

мол карым әрі сезім-күй және синтаксистік ырғақ дарытады, "Қара

жол", "ұзақ жол" тіркестеріндегі анықтауышқа айналған эпитеттер

өзгермес көрінетін мекендік ұғымның мезгіл аясындағы машықтылық,

тұрақтылық, тұрмыстық әдет-дағдыға мойынсұнушылық, жақсы-жаман

хабарды бірдей күту, бәріне төзу іспетті әсер интенцияларын білдіреді.

"Көңілсіз ұзак жол" эпизод соңында бүкіл ландшафт ерекшелігімен бірге

"Көруге аса көңілсіз" кейіптің құрамына енеді. Дала, жел, жол мотиві

"көңілсіздік" мотивіне ұласады. Мотив туралы толғамдар көп. Соның бірі

М. Әуезов шығармасының поэтикасына жақын: "Трактовка мотива у

B. Б. Шкловского соотносится с повествовательным началом произве-

дения как таковым. Мотив - это интегральное тематическое целое фабу-

лы, это целостная фабульная тема - как единица сюжетной "игры", сю-

жетного развертывания произведения. В этом смысле понятие мотива у

В. Б. Шкловского является очень глубоким, сопряженным с глубинными

...

Скачать:   txt (104.5 Kb)   pdf (281.5 Kb)   docx (47.4 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club