Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Практическая работа по "Литературе"

Автор:   •  Октябрь 21, 2020  •  Практическая работа  •  1,544 Слов (7 Страниц)  •  402 Просмотры

Страница 1 из 7

Задание 1 .Проанализировать  двадцать девятое  слово-назидание Абая. Сравнить  его с двумя переводами. Сделать выводы. Предложить свой вариант

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ

Біздіңқазақтыңмақалдарыныңкөбініңіскетатырлығы да бар, іскетатымақтүгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққажарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлыболсаң, арлыболма» дейді. Арданкеткенсоң, тіріболыпжүргенқұрысын. Егеронысыжалғажүргеніңдежаныңдықинапеңбекпенен мал тап дегенсөзболса, ол - ар кететұғынісемес. Тынышжатып, көзінсатып, біреудентіленбей, жанынқарманып, адалеңбекпен мал іздемек - оларлыадамныңісі.

«Қалауынтапса, қаржанады», «Сұрауынтапса, адамбаласыныңбермейтініжоқ» деген - еңбарыптұрғанқұдайұрғансөз осы. Сұрауынтабамын, қалауынтабамындепжүріпқорлықпененөмірөткізгенше, малды не жерденсұраукерек, не аққантерденсұраукерекқой.

«Атыңшықпаса, жерөрте» дейді. Жерөртепшығарғанатыңныңнесімұрат? «Жүзкүнатанболғанша, біркүн бура бол» дейді. Тәңіргежазып, мінбей-түспейарып, шөмеңдепдиуаналықпенбіркүнболған  буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе, періштежолдантаяды» дейді. Періштеденсадағакеткір-ай! Періштеалтынды не қылсын, өзініңкөрсеқызарсұмдығынқостағалы  айтқаны.

«Ата-анадан мал тәтті, алтындыүйденжантәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәттікөрінетұғынантұрғанныңтәттідерлік не жаны бар. Бұлардыңбәрінен де қымбатата-анасынмалғасатпақеңарсыздыңісіемеспе? Ата-анашамасыкелсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелікжиса да, артымдабалаларымақалсындейді. Олата-ананымалғасатқансоң, құдайғадұшпандықісемеспе? Осындайбілместікпенен  айтылған  сөздеріне  бек сақ болу керек.

Абайдың 29 қара сөзіне талдау

        Өзінің 29 қара сөзінде Абай қазақтың мақал-мәтелдерін, мақал-мәтелдері арқылы көрініс тапқан қазақ халқында қалыптасқан кейбір түсініктерді сынйды. Қара сөзінің басында-ақ мақалдарды іске жарап, іске жарамайтын деп бөліп қарастырып, сол заманғы қазақ қоғамындағы моральдық құндылықтардың мінін тізбектеуге кіріседі. Абай өзінің от ауызды, орақ тілімен, кей мақалдардың қарапайым іске ғана емес, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтындығын сөз етеді.

        Бірінші, «Жарлы болсаң, арлы болма» мақалына тоқталады. Абай ардан безіп жер басып жүргені құрсын деп, ар-ұяттан өлімнің күшті екендігін сөзімен дәлелдей түседі. Расымен де, қазақта сондай бір заман келді, жанының тыныштығы мен амандығы үшін өтірік айтудан бас тартпайтын, неше түрлі қитұрқы іске дайын, бір табақ ас үшін бір құрсақты жарып шыққан бауыр еті бауырын сатқындыққа қиған, есепсіз байлық пен билік үшін көзінің қарашығы жалғыз қызын сексендегі шалдың етегінен ұстатып, көзі қиып ұзатқан адамдардың бейнесі жан шошытарлық. Адамның арлы болып-болмауы оның дәрежесіне де, лауазымына да, материалдық жағдайына байланысты болмақ емес. Жаны мұрнының ұшына тірелсе де, ардан аттамау нағыз адамның әрекеті болмақ. Жарлы екенмін деп, арсызданып жиған байлығың мен жасаған жағдайың кім үшін қайырлы, кім үшін берекелі болмақ?

        «Қалауын тапса қар жанады», «Сұрауын тапса, адамның бермейтіні жоқ» мақалдарын Абай нағыз құдай ұрған сөз дейді. Расында да, өміріңді біреудің табалдырығында қай сөзіме жібіп, қай ісіме рақымы түсіп, ас-суымды берер екен деп сүрген өмірі құрысын. Бір күндік асыңды табарсың, келесі күні келесі бір адамның көңілінен шыға қоярына кім кепіл? Алдыңнан сан түрлі адам шықса, сан түрлі құбылып, сан түрлі образға кіріп, өтірік сөзді көпіртіп жеген тамағың сенің тәніңді тойдырғаңнан басқа не пайдасы тиіп жатыр? Жаныңды да тойдырып, қалаған ісіңмен айналысып, өтірік мадақтан бойыңды аулақ ұстап, адал еңбегіңмен тауып жеген бір тілім наның құнарлы емес пе? Сұрасаң, адамнан емес, Алладан, Алладан да «алма піс, аузыма түс» деп жатып алып, дұға етіп тамақ сұрай бергенше, сол тамақты табудың жолын көрсет деп сұрасаңшы. Сұрасаң, адал еңбегіңнің ақысын, еңсеңді биік ұстап сұрағаның әлдеқайда дұрыс емес пе?

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (96.6 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club