Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отанды сүю – ұрпаққа аманат

Автор:   •  Декабрь 9, 2023  •  Эссе  •  668 Слов (3 Страниц)  •  63 Просмотры

Страница 1 из 3

Отанды сүю – ұрпаққа аманат

Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен 

Мұқағали Мақатаев

«Отан» деген сөз адам бойына ерекше сезім ұялатады. «Ормансыз бұлбұл, Отансыз адам болмайды» демекші, кез- келген тірі жанның кіндік қаны тамған Отаны болады. Әрбір соққан жүрек сүйіспеншілікке толы. «Сүйіспеншілік» сөзінің өзі көп мағынаға ие. Әрине, ең алдымен отбасымызға деген, достарымызға деген сүйіспеншілік ойға келері сөзсіз. Өкініштісі, Отанға деген бұл сезім көп адам жүрегінен табыла бермейді.

Отанымыз Қазақстанның әрбір тас-топырағы, өзені мен көлдері жан түршігерлік оқиғалардың куәгері болды. Осы туған жері мен елі үшін көптеген жас боздақтар өз жанын қиды. Бұл жағдайда біз құрмет тұтып, ерекше сезіммен қарауымыз керек. «Ендіше неліктен біз осындай ауыртпашылықпен аман сақталған Отанымызды ата-бабаларымыз секілді сүймейміз?  Осындай күйге тап болуымызға қандай жағдай түрткі болды? Қалай ұрпақ бойына Отанды сүю деген сезімді дарытуға болады? » деген секілді сұрақтың жауаптарын біз біле тұра, іс-жүзінде жүзеге асырмаймыз. Әлбетте, бес саусақ бірдей емес. Арамызда әлі де Отан десе жан ұшыратын адамдар бар, бірақ санаулы екенін мойындауымыз керек.

Тарихымызға үңілсек, ата бабаларымыз тәуелсіздікті аңсаған, еркіндік пен бостандық үшін қолдан келгеннің барлығын жасаған. Сырым Датұлы, Кеңесары Қасымұлы секілді батырларымыз халық арасынан қалың қол жинап, тәуелсіздікке алғаш қадам жасай бастады. Кейіннен Олжас Сүлейменов «Аз и Я», Ермахан Бекмаханов «ХІХ 20-40 жылдарындағы Қазақстан», Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» секілді ұлт-зиялыларымыз  халық көзін ашып, халыққа шындықты көрсету үшін өз шығармаларын жазып, қаншама рет жазаға тартылған. Көптеген жазушылар өзінің өлең-шығармаларында Отанды арқау етіп, туған жеріне арнаған.  Ал Ұлы Отан соғысы жылдарында орын алған көптеген ерліктерді білеміз. Бірақ, қазіргі таңда Бақтыораз Бейсекбаев секілді жанған ұшақты жау тобына бағыттайтын, Сұлтан Баймағамбетов секілді қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын өз кеудесімен жаба алатын, Бауыржан Момышұлы секілді бойында асқан батырлық бар адамдарды бүгінде кездестіру өте қиын. Ал, «Желтоқсан оқиғасы» өзі бір бөлек тарих. Қазақ жастарының өз жағдайы үшін емес, халық жағдайы үшін ереуілге шығып, азапталып жазаға тартылуын, аққан қанның өзен болып ағуын елестетудің өзі жанды түршіктіреді. Бұл жастардың барлығы оқуынан шығарылды, абақтыға қамалды, тіпті өлім жазасына кесілді. Аталған жағдайдың барлығы Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлы сезімнің көрінісі. Ең өкініштісі, бүгінде барлығының қолынан осындай ерліктер келе қоймас. Себебі, барлығы өз қара басының жағдайын ойлайтыны сөзсіз. Тіпті, кейбіреулері өз тонын ала қашатынына сенімдімін. Ал, Мұхтар Шаханов Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар туралы:

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (48.9 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club