Үйлену жырлары
Автор: Sharipbaeva • Ноябрь 12, 2024 • Реферат • 1,576 Слов (7 Страниц) • 27 Просмотры
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті[pic 1]
Филология иснтитуты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Үйлену жырлары
Пән: Халық ауыз әдебиеті
Тексерген:
Орындаған:
Алматы 2024
КІРІСПЕ
Қазақ тарихы мен тағылымының мәнді тұстары көп-ақ. Арыдағы арналарды айтпағанның өзінде оңды үрдіс, ұнамды сипаттар көптеп саналады. Ақиқатында, қарға тамырлы қазақты тұтастырып тұрған екі дәстүр бар: оның бірі торқалы той болса, бірі – топырақты өлім. Халқымыз айлап, жылдап көшіп жүрсе де құстың қанаты талатын қашықтықтан қоржын хабармен құлақтанып, бірінің тойына бірі келіп жанға азық болар жақсы сөзін айтып, көмегін беріп отырған. Ал қабырға қайыстырар қайғылы қазаны да ортақ көтеріп, ауыр күндерде біріне-бірі сүйеніш, қуат болған. Осындай асыл қасиеттердің арқасында тілі, ділі сақталып, арда арына періштелік пәктік қалыптасқан.
Әр ұлттың өзіне тән тұрмыс-салттары дүниеге келіп, қоғамның дамуымен бірге дамып, тамырын тереңге жайып, сәт сайын кемелденіп келеді. Қазақтың үйлену салт-жырлары туралы да осыны айтуға болады. Үйлену жырларының ауқымы кең, мазмұны бай болғандықтан, атау ретінде әдебиетімізде әр алуын айтылып келеді. Мысалы: «Ғұрып сөзі», «Той жырлары», «Некелесу жырлары».
Ғалым А.Байтұрсынов «Ғұрып сөзі ғұрып сарынмен, яғни ғұрып бойынша істелетін істерге байлаулы сөздер айтылады. Мәселен: «той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан». [1] Ал майдангер ғалым Мәлік Ғабдуллин «Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру – жастарды үйлендіру салтына байланысты туған және оларды елестетін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар. Олардың қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп, дамып отырған. Сонымен қатар, ол өлеңдер арқылы белгілі қоғамнық ортаның таптың идеясы, көзқарасы білдірілген. Осы аталған өлеңдер тобына жататын «Тойбастар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Жұбату», «Бет ашар», т.б.» [2] – деп мазмұнын молайтып, ауқымды түсінік жасаған. Әдебиеттанушы Н. Төреқұлұлының Хрестоматия түрінде жазылған «Сүйіншіден – көңіл айтуға дейін» [3] атты еңбегімен сабақтасақ, онда тұрмыс-салт жырлары «Тойбастар», «Аужар», «Жар жар», «Сыңсу», «Той арқар» болып жалғасын табады.
Жоғарыда аталған үш кітапта қарастырылған қазақтың үйлену салт жырларының бірін-бірі толықтырған ұзын - ырғасын жүйелеп тізбектер болсақ, «Той бастар», «Аужар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар», «Неке қияр» сынды салалы санаттар санаға жол тартады.
Үйлену жырларының ішінде қазіргі таңда заман талабына сай өзгеріс еніп, қайта жаңғырған түрі – сыңсу. Сыңсу—той жырларының ішіндегі лирикалық толғаныстарға бай, аса бір көркемдерінің бірі. Осы бір ішкі мазмұны қайғы-мұңға, толғаныс пен шерге толы болған жырларды тереңінен толғайық.
СЫҢСУ
Жат жұртқа ұзатылып бара жатқан қыздың атаанасымен, ел-жұртымен, құрбы-құрдасымен қоштасу салты барлық елдерде бар. Қыз ұзату тойында айтылатын мұндай өлеңді қазақ арасында «қыздың қоштасуы», «қоштасу», «танысу», «қыздың жылауы», «қыздың көрісуі», «сыңсыма», «сыңсу» деп алуан түрлі атап келген. Қазақ фольклорында оны жеке жанрлық түр ретінде жіктеп, алғаш тексеру жасаған— М.Әуезов. Ол «Әдебиет тарихы» еңбегінде оны «Қоштасу-танысу» деп атаса [4], С.Сейфуллин «Сыңсыма» деп айдар таққан [5]. Дегенмен, соңғы кездегі жинақтар мен зерттеу еңбектерде «сыңсу» термині жиі қолданылып, тұрақтанып қалған сыңайы бар. Белгілі ғалым Б.Уахатов та өзінің монографиялық еңбегінде осы терминді қолданып, зерттеу жүргізген. «Сыңсу,—дейді ол,—ұзатылатын қыздың туып-өскен жерімен, ауыл-аймақ, ағайын-туыстарымен, ата-ана, апа-жеңгелерімен, қала берді, құрбы-құрдастарымен арыздасып, қоштасып, танысуы»[6].
Қыздың бұлайша қоштасу рәсімі бір сәттік жағдай емес, біраз уақытқа созылады. Қалыңмалы төленіп, күйеу жігіт ұрын келіп, екі жақтың уағдаластығы орындалған кезде қыз ауылындағы ұзату тойының соңында, кейде сәл бұрынырақ қызды аттандыруға даярлайды. Бұл кезде қызды ауылдастары, жақын-жуық ағайыны кезекпе-кезек шақырып, соңғы сапарға шығарып салуға қам жасайды. Осы уақытта қыз ауылды жағалай аралап, үйді-үйге кіріп, жақын-туыстарымен «танысады». «Танысу» терминінің «сыңсу», «қоштасумен» бірге қолданылатыны да сондықтан. Әр үйге барған сайын қыз сыңсып жылап, мұңын шағады, өз кезегінде оған жұбату айтылады. А.Левшиннің жазуына қарағанда, мұндай қоштасу кезінде қызды қалы кілемге салып, алып жүретін көрінеді[7]. Міне, осы кезеңде қыз үй сыртынан дауыс салып, өз мұңын шағып, өлеңдете жылап келеді. Оған туысқандары жұбату айтады. Ежелгі дәстүр бойынша, қыздың қоштасу-танысу кезінде ағайынның үйіне сырттан дауыс айтып, жылап келуі— қаза кезіндегі ежелгі үйге «ой, бауырымдап» келетін салтты елестетеді. Сыңсуды аза жырларымен туыстыра көрсететін сипаттар бір бұл ғана емес. Қыздың туысқандарымен көрісіп, қоштасу салты да аза жырларымен төркіндес. Сыңсудың орындалу рәсімі ғана емес, мазмұны мен сазы да жоқтаумен өзектес. Мұның барлығы сыңсудың шығу тегінің рәсімдік жылаудан (ритуальный плач) бастау алатындығын дәлелдей түседі. Яғни ежелгі дәуірде қыздың ұзатылуын өлім рәсімімен теңдестіре қарап, бір елден екінші елге, бір ортадан екінші ортаға, бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа (оң жақтағы қыз дәуреннен—келіншек мәртебесіне өту) өтуді «өтпелі ғұрып» рәсімімен атап өткен. Сондықтан дәстүрлі салт бойынша, қыз «сыңсу» айтып, рәсімдік жылау жоралғысын жасайтын болған. Оған қызды алдын ала даярлап, ел ішінде дәстүрге айналған тәртіппен аттандырады.[8]
...