Үйлену жырлары
Автор: Dina Toktar • Апрель 29, 2025 • Творческая работа • 3,046 Слов (13 Страниц) • 163 Просмотры
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
[pic 1]
6В01701-Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы
СӨЖ “Үйлену жырлары”
Факультет:Филология
Топ:202
Орындаған:Тоқтар Дина
Тексерген:Мажиева Назым Айтбайқызы
Алматы 2024
Кіріспе
Үйлену – бұл екі адамның заңды түрде неке құруы арқылы отбасы болып қалыптасу процесі. Қарапайым тілмен айтқанда, үйлену дегеніміз екі адамның, яғни, еркек пен әйелдің бір-біріне өмір бойы бірге болуға уәде беріп, заңды түрде неке құрып, бір отбасы болу. Бұл – олардың бір-біріне жауапкершілік алатынын, бірге өмір сүруге, қиындықтар мен қуаныштарды бөлісуге келіскенін білдіреді. Тағы да айта кетсек, екі жастың бір-біріне деген махаббат пен сенімге негізделген серіктестік орнатуы. Бұл тек заңды неке емес, болашақта бірге өмір сүруді жоспарлау.
Үйлену адамдардың қоғам алдында өзара қарым-қатынасты мойындап, бірлекскен өмірдің бастамасы. Үйлену салты негізінен құдалық, үйленуге дайындықтар, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптардан тұрады. Екі жастың бас қосып, отбасын құруы ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша құдаласудан басталады. Қазақтар , әдетте, «тең-теңімен, тезек қабымен» деген қағида бойынша ежелден сыйласатын, аралас-біліс, әлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған.
Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым кәдесі бар. Соның бірі: қыз ұзату, келін түсіру – жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақ халқында да бар, ол әріден бері келе жатыр.
Қазақ халқы ерте кезде тұрмыс, тіршілігінде орын алған салтының қайсысы болса да ойын-сауық етіп өткізуге тырысқан. Оның бәрін өзінің ән-күйімен, өлең-жырларымен есте қалдырған. Мұны үйлену салты жайынан да көруге болады. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру – жастарды үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын, сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен жөн.
Алдымен қыз айттыруға тоқтала кетейік. Ұлына лайықты қызды таңдау ата-ананың басты мұраты болған. Сондықтан өзіне тең, үлгілі, абыройлы, көпшілік көңілінен шығатын отбасы іздейді. Егер көңіліне алған отбасында тұқым қуалайтын аурулы адамдар болса, олардан аулақ болуға тырысқан. Өздеріне тең дәрежелі жанұя болса солармен жақын туыстық қатынас жасауға көңіл білдірген.
Қыз айттыру әртүрлі болған. Егер ұл мен қыз әлі жас, мүмкін әлі дүниеге келмеген күнінде адамдар бірін-бірі жақсы білетін, дос, жолдас, дәрежелері тең адамдар, бірінікі ұл, бірінікі қыз болса құда болуға келіседі. Бұл «атастыру» деп аталады. Тумаған балаларымен құдаласу – «бел құда», бесіктегі балалары барлар құдаласса – «бесік құда» деп аталады.
Кейде қызын алып отырған құда өзінің қызын құдасының баласына беріп «қарсы құда» болады. Бір-екі рет қайта құда болғандар «сүйек жаңғырту» деп аталады. Қазақ жеті атадан асқанша қыз беріп, қыз алмайды. Егер әйел ерінен сегіз жас үлкен, жігіт әйелден жиырма бес жас үлкен болса үйленулеріне рұқсат бермейді. «Қыз айттыру» жастардың үлгілі, тәрбиелі отбасы болуына негіз болады. Мұндайда қыз бен ұл әлі жас, бірін-бірі жақсы тани білуіне уақыт болады, сол себепті келешекте олардан жақсы отбасы шығады деп есептейді.
Қыз көру. «Қыз көру» кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Дәстүр бойынша белгілі, атақты адамдардың балалары қыз таңдаған. Егер алыс-жақын ауылдарда әдемі, сұлу қыздар бар деп естілсе, жігіттер сол жерге барып, қызды көреді. Қазақта «қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал бар. Бұл мақал жігіттерге жол ашады. Қыз таңдауға келген жігіттерге ешқандай өкпе, қарсылық болмайды. Бұл жігіттерді жақсы қарсы алған. Бостандықты сүйетін, жасы жеткен, еркін сөйлей алатын қыздар өз ойларын «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп өз ойын білдірген. Жігітке деген көзқарасын ашық айта білген. Мұндай кездесуде кейде айтыс ұйымдастырған, қыз бен жігіттің айтысы. Бұл кездесуден кейін қыз бен жігіт бір-біріне сенім білдіріп, түсініскен жағдайда жігіт қыз ауылына құда түсуге келісім берген. Бұдан түйетініміз, ертеде қыз бен жігіттің таңдауына көңіл бөліп, жастарға ерік те берген. Әрине мұндай таңдау екінің біріне беріле бермеген. Бұл көптің алдында беделді адамдардың балаларына, атақты жігіттерге берілген. Бұл жайт туралы Т. Жомарбаевтың «Қыз көрелік» романынан кеңірек оқып білуге болады.
...