Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

М.Мақатаев поэзиясы

Автор:   •  Февраль 12, 2022  •  Реферат  •  459 Слов (2 Страниц)  •  402 Просмотры

Страница 1 из 2

24.02.2021 ж.

Жайлыбаева Фариза

философия (2 курс)

Тақырып: М.Мақатаев поэзиясы. Поэзия аясындағы тақырыпты өз таңдауларыңыз бойынша аласыздар.

Ей, өмір

Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған

Сыни тұрғыдан ойлау

Менің жүргізген сараптама

Бағалау

Мұқағали Мақатаевтің бұл поэзиясының өте қарапайым естілгенімен, поэзияның негізгі мән-мазмұны күрделі әрі жұмбаққа толы. Әрбір шумақта астарлы ойлардың жатқандығын аңғарамыз. Бұл астарлы ойлар түсіне білген адам үшін өмір мәселесінде  мән-мағынасы орасан зор.

Теңдестірілген пікір

Байқағандарыңыздай бұл поэзияда көп теңдестірілген теңеулер кездесетіндігін аңғарумызға болады. Мәселе мына бір шумақты алып көрейік:

Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

  Бұл шумақтағы «ағын да», «қарасын да» деген теңеулер өмірдің тура Инь мен Ян идеологиясы секілді әрдайым өмір ақ пен қара қарама-қайшылыққа толы екендігін және қиындықта мәңгілік емес қараңғы түнде көлге ай сәулесі түскен секілді жарық шығатындығын автор түсіндіргісі келді.

Өмірдің қарасымен күреске түсу өте қиын және оны енсере білетін адамдар санаулы-ақ екендігін. Автордың өзі де өмірдің қарасын қанша қарсы тұрсада байқамай қабылдап алатындығын жеткізгісі келді. Дәл осы ойлары келесі бір поэзиясымен үндестігін көруге болады.

Шыда,шыда

Шыдай түс, шыда тағы

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.....

Өмір, өмір!

Болмадайды түнілуге

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге

Қайта тұрып қақын бар жүгіруге.......

Тіпті бұл туындыны  «Ей,өмір» туындысына берер жауап, әрі жалғасы деп қарастырсақта қате емес.

Болжам

Бұл поэзиядан екі ұшты болжам жасаумызға болады.

  1. Өмірдің өтпелі, қиындықтарға толы екендігін және соған мойынсу керек екендігін; (салыстырмалы болжам)
  2. Өмір қиындықтарына сынбай, сүрінбей қайта қарсы тұруға әркімнің құқылы екендігін аңғаруымызға болады.

(негізгі гепотеза)

Жіктеу. Принциптерді түсіну

Өмір принципі.

СЫНАҚ (Сыналу үшін келеміз, сыналу үшін кетеміз)

🡺күрес  (Антон Чехов: Күрессіз өмір - көңілсіз)

🡺 тұрақтылық (Бауыржан Момышұлы: Тамшының тасты тесу қабілеті-тамған тамшының күшінде емес, тамған тамшының тұрақтылығында)

🡺 шыда, сабыр ет (Мұхтар Әуезов: Еңбек шыққан жерден төзім де шығады)

Дәлелдер келтіре отырып пікірлер ұсыну

Дәлел: Өмірдің мәңгілік еместігініне өлім дәлел.

Пікір: Әр нәрсенің басталу және аяқталу сәті болғандай өмірде мәңгілік емес. Мүмкін жалпы табиғат тіршілігі мәңгілік болуы мүмкін, бірақ тек адам тіршілігі емес. Табиғат тіршілігінде кейде мәңгі дей алмаймын, себебі табиғатта тіршілік ететін тірі ағзаларда туылда, өседі, дамиды және өледі. Міне, сол секілді жер ғаламшарыныңда тіршілігінің тоқтауы бүгін болмаса ертен тоқтауы әбден мүмкін. Жер ғаламшары мәңгілік деп кепіл бере алмаймыз.

Қорытынды ойды логика  тұжырымдау

ТҮЙІН

«.....Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған»-дей келе, Мұқағали Мақатаев өмірдегі бұйырмаған дүниелерге әркімнің қолы жеткізе алатындығын түсіндіреді. Жалпы тағдыр біздің пешенемізге жазылып қойғанымен оны қалай қол жеткізу әркімнің өз еркі. Тағдырымыздағы жазылып қойған өмір жолымыздағы бағытты өзіміз таңдау. Тағдырымызға жазылған қиындықтарға сүрініп,түніліп кетпей, керсінше сол сынға құламай, құласақта орынымыздан қайта тұруға ұмтылу. 

 ТҮЙІН: «Сүрініп қалу  ұят емес, керсінше сол сүрінгеннен кейін қайта тұра алмау ұят» 

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (102.2 Kb)   docx (207 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club