Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің достарым

Автор:   •  Сентябрь 18, 2019  •  Эссе  •  272 Слов (2 Страниц)  •  29,482 Просмотры

Страница 1 из 2

Менің достарым (эссе)

        «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді».                                      А.Шопенгаузер

 Дос дегеніміз кім? Менің ойымша, дос дегеніміз-адамның жан дүниесін түсінетін, бауырмашыл, әрқашанда қиналған сәтіңде жаныңнан табылатын, қолдап жүретін, кемшіліктеріңе де қарамайтын адал жан. Мейлі ол ұл болсын, мейлі ол қыз болсын, ең бастысы адал жан болуы керек деп ойлаймын.  Менің осындай адал достарым бар ма? Әрине бар. Менің төрт жан досым бар. Төртеуі де қыз, олар:Томирис, Диана, Айша,Аяулым. Өз басым олар менің, мен олардың кемшіліктеріне қарамай, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қиналғанда бірге қиналып, қуанғанда бірге қуанып, әр қиындықта бірге жүргенімізге 5 жыл болды. Біз дос туралы ұғымды бастауыш сыныпта түсіндік. Ұстазымыз бізге достықтың құдіретімен, қыр-сырларымен таныстырды. Содан  бері біз тату достармыз. Сабаққа барсақ та, сабақтан қайтсақ та бірге қайтамыз. Менің достарым-менің байлығым. Мен өз достарыммен мақтанамын. Біз төртеуміз де сабақты жақсы оқимыз. Бір-біріміздің түсінбеген, қиналған жерлерімізді түсіндіреміз, бір-бірімізге барынша қолдау көрсетеміз. Демалыс күндері де уақытымызды бірге өткізуге, бірге қыдыруға тырысамыз. Болашақта да бірге оқып, қартайғанда да арамыздан қыл өтпестей адал достар болғымыз келеді.

Дос-адам жанының айнасы тәрізді. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Менің достарым өзім сияқты. Біздің мақсат-армандырымыз ұқсас. Барлығымыз ата-анамыздың үмітін ақтап, сабағымызды жақсы оқып, ұстаздарымызды қуантып, жоғарғы оқу орнына түсіп, үлгілі, танымал, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосатын білімді адам болғымыз келеді.  Мен өзімнің адал да қамқор, мақсатшыл да ізденімпаз жан достарымды жақсы көремін.

...

Скачать:   txt (3.2 Kb)   pdf (74.5 Kb)   docx (7.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club