Маfжан Жумабаев поэзиясындаfы когнитивтi аспектiлер жуйесi
Автор: Kaz Kanal • Январь 26, 2023 • Доклад • 1,089 Слов (5 Страниц) • 200 Просмотры
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КОГНИТИВТІ АСПЕКТІЛЕР ЖҮЙЕСІ
М.Н.Жумадилова
Астана қ., Қазақстан Республикасы Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университеті
Мақалада ақын шығармашылығана мінездеме беретін имманеттік(өзіне қарасты) ерекшеліктерінің мәні қарастырылады. Біріншісінің мағынасы, Мағжан поэзиясы қазақ әдебиетінде еріксіз батыс-шығыс синтезінің көркемік үлсісі ретінде қорытындыланады. Тек туған салтымыздың бейнелі сөздерін ғана емес, сонымен қатар өзге Шығыс және Батыс көркемдік ойдың ең үздік жетістіктерін меңгеру нәтижесінде, ол поэтикалық тұрғыдан берік болып табылады. Мағжан поэзиясында мақала авторы батыс және шығыс философия мен поэзиясындағыдай, шектелген этникалық және ұлтаралық, ұлттық және модернистік, суфистік және символдық ізденуді байқайды. Мақалада сонымен қатар, ақын өлеңдерінің ұлттық рухы мен ұлттық менталитетіне ерекше тоқталады. Мағжан поэзиясының тағы бір ерекшелігі оның дионистік типіне жататындығы болып табылады. Өздеріңізге белгілідей, әдебиеттің даму процесінде қалыптасқан тенденция бойынша, аполонистік және дионистік болып ажыратылатын екі тип бар. Аполонистік типті жердің қуаныштыры, күн, махаббат туралы жырлайтын ақындар ұсынады.
2000 жылы Алматы қаласында «Пайғамбар» кітабының басылымға шығуы әлемдегі қазақ мәдениеті үшін ерекше күн болды. Мұнда Мағжан өлеңдерінің ең үздік орыс тіліндегі аудармалары жинақталған еді. Әрине, өлеңдері тілдік өзгеріске ұшырағанымен, көптегені оның поэтикалық шығармашылығың спецификасы туралы дұрыс түсінік береді. Біз кітапты аударма саласында үлкен олжа ретінде қабылдаймыз, дегенмен, болашақта аударманың ең үздік, жаңа нұсқалары пайда болады деп үміттенеміз. Біз нақты бейнелі-мағыналы суреттеуді қажет етпеген жағдайда ғана, өз зерттеулерімізде осы кітапты қолданамыз.
Қазақстанда Мағжан Жұмабаев атына ерекше көзқарас. «Орыс халқы үшін – Пушкин, ағылшындарда – Шекспир болса, Мағжан Жұмабаев қазақ халқы үшін осындай мағына береді»,- деп кеңес ғалым-археологы, тарихшы, әдебиетші, зерттеуші, мәдениеттанушы Әлкей Марғұлан. Жазушы, ақын, публицист ретінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі еді.
Оның өлеңдері, поэмалары, оқиғалары тарихтың қайғылы сәттеріндегі халық алдындағы жауапкершілік сезімін білдіретін, асықанған трагедияға толы.
Ақын шығармашылығы жан-жақты, сезімтал және ерекшеліктерінің мәні имманенттігімен мінезделеді. Біріншісінің мағынасы, Мағжан поэзиясы қазақ әдебиетінде еріксіз батыс-шығыс синтезінің көркемік үлсісі ретінде қорытындыланады. Тек туған салтымыздың бейнелі сөздерін ғана емес, сонымен қатар өзге Шығыс және Батыс көркемдік ойдың ең үздік жетістіктерін меңгеру нәтижесінде, ол поэтикалық тұрғыдан берік болып табылады.
Мағжанның ортасы жоғары интеллектуалды адамдарға толы болды. Ол орыс ақындары В.Брюсов, Сергей Есенин, Всеволод Рождественсий сияқтылармен танысады. Әсіресе, етене жақын Осип Мандельштам, Михаил Светловпен араласады, сол уақытта В.Брюсовпен бірге институтта оқиды. Олардың Мағжанның Осип Мандельштам және Михаил Светловпен берік достығынына куә ретінде сақталған, сол кезеңде М.Светловпен тығыз араласқан қоғамның ірі қайраткері, ақын К.Жармағамбетовтың пікірі бар. К.Жармағамбетов естелігінде, Михаил Светлов былай айтқан: «Мен біздің үлкен ақынымыз Мағжан Жұмабаевты білдім. Оған Мәскеудің ең атақты әдебиетшілерінің өзі жол беретін деп, В.Брюсов мақтап отыратын». Осындай пікірмен Осип Эмильевичте «Осы дала ақынының тоқымы ерттеулі» десе, «Қарашы, бұл адам емес, ол кентавр. Оның астында арғымақ поэзиясы!»,- деп шабыттана, Мандельштам Мәскеу әдебиетшілерінің арасында Мағжан пайда болғанда осылай пікірін білдіретін. Мандельштам оны «Маг» десе, мен оны «Жан» деп атайтынмын. Жан әрдайым бізге қаржылай көмектесіп, кафе немесе трактир шығынын қазақ ақыны өз мойнына алатын еді. Мәскеудің шығармашылық элитасы оның дарыны, жеке тұлғасына, шеберлігіне қарай, Мағжанға өз бағаларын берді. Оған да В.Брюсовтың «қырғыздардың Пушкині» деген сөздері дәлел.
...