Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казақ халқының космогониялық

Автор:   •  Октябрь 23, 2023  •  Курсовая работа  •  5,097 Слов (21 Страниц)  •  166 Просмотры

Страница 1 из 21

Мазмұны:

Аннотация....................................................................................................................2

Кіріспе...........................................................................................................................5

Зерттеу бөлігі...............................................................................................................5

2.1. Көне мифтердің ізімен.........................................................................................5

2.2. Шоқан Уәлиханов – қазақ космогониясының негізін салушы........................7

2.3. «Күннен туған ұрпақпыз...»...............................................................................11

2.4. «Жұлдыздар сыр шертеді...»..............................................................................14

Қорытынды.................................................................................................................18

Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................19

Аннотация

Қазіргі қазақ әдебиетінде аспан әлемінің қыры мен сырын ғылыми-шығармашылық тұрғыдан зерттеу күрделі мәселе болып отыр. Табиғат туралы көне ғылымдардың бірі – астрономия туралы мектеп оқушылары астрономия пәнінен мағлұмат алады. Ал, бұл жобаның ерекшелігі – астрономия ғылымының әдебиетпен байланыстырылуында болып табылады.

        

Аннотация

В современной казахской литературе серьезной проблемой является научно-творческое изучение аспекта и тайны Поднебесной. Учащиегося школы узнают об одной из древнейших наук о природе-астрономии. А особенность этого проекта в том, что наука астрономий связана с литературой.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі қазақ әдебиетінде аспан әлемінің қыры мен сырын ғылыми-шығармашылық тұрғыдан зерттеу күрделі мәселе болып отыр. Аспан әлемі туралы жинақталған дерек көздері мен ғылыми жұмыстарын, ғалымдардың зерттеу еңбектерін танып білу, ой қорыту, дерек көздерін жинақтау, саралау зерттеу жұмысының өзектілігі болып саналады. Мектеп оқулықтарында аспан әлемі туралы әдеби туындылар оқытылмайтын болғандықтан, аталмыш ізденіс зерттеудің көкейкестілігін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты – қазақ халқының космогониялық білімдері туралы зерттеу жүргізу. Осы орайда жұмыстың алдына нақты мынадай міндеттер қойылды:

-аспан денелері туралы мифтерді жинақтау;

-қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлихановтың алғаш қазақ космогониясының негізін салушы екенін дәлелдеу;

-Күннен туған Алаш ұрпақтарының шығармаларын саралау;

-қазақ халқының жұлдыздар туралы білімдерінің әдеби туындылардағы көрінісін таныту.

Зерттеу нысаны

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде аспан әлемі туралы зерттелген еңбектер, ақындар шығармашылығы, ауыз әдебиеті үлгілері алынды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы

Аспан әлемі әдеби тұрғыдан толық зерттелмегендіктен, бұл зерттеудің жаңалығы болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысы бұл салаға өзіндік ой-пікірін қосады. Ғалым ашқан жаңалық дәлелденіп, ақындар шығармалары сараланды, ауыз әдебиеті үлгілері талданды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы

Ұсынылып отырған жұмыстың нәтижелерін мектепте пайдалануға болады. Оқушылардың рефераттарына көмекші құрал бола алады.

Зерттеудің әдістемесі

Зерттеу жұмысында мәліметтерді жинақтау, саралау, баяндау, талдау, суретпен жұмыс әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы

Ғылыми жоба кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында беріледі.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Көне мифтердің ізімен...

Адамның қиялдан, ойдан шығарылған барлық ауызекі дүниелері мифтер, аңыздар, әфсаналар, жырлар, ертегілер болып түрлі жанрларға жіктеледі. Бұл жанрлардың ортақ сипаттары көп болғанмен, оларды бір-бірінен ажыратып тұратын ерекшеліктері де бар.

Ертегілер – тұнып тұрған қиял-ғажайыптар: жануарлар адамша сөйлейді, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялы тудырған жалмауыз құбыжықтармен шайқасады.

...

Скачать:   txt (76.2 Kb)   pdf (1.8 Mb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club