Казақ халқының салттық тағамдарының ерекшеліктері
Автор: aseltoleukhhan • Май 18, 2023 • Курсовая работа • 12,873 Слов (52 Страниц) • 156 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................7
1 ТАМАҚ АНТРОПОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.........................................................................................................................10
1.1 Тамақтану мәдениетіндегі антропологиялық дискурстер....................10
1.2 Тамақтану мәдениетіндегі алиментарлық тәжірибелер........................15
2 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ САЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ЖҮЙЕСІ.....................................................................................................................20
2.1 Қазақтың ұлттық ас мәзірі және тағам атаулары...................................20
2.2 Мерекелік тағамдар...................................................................................27
2.3 Салт-дәстүр цикліндегі тағамдар.............................................................32
Қорытынды......................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................41
Қосымша..........................................................................................................43
[pic 1]
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда гастрономия және аспаздық, күнделікті тамақтану тәжірибесі және оның айналасындағы дискурс әлеуметтік ғылымдардың назарын көбірек аударады. Диплом жұмысы қазақ халқының ұлттық ас мәзірін мәдениеттану, мәдени антропология тұрғысынан талдауға арналған. Зерттеу жұмысында тамақтану мәдениетінің антропологиялық дискурсы, салт-дәстүрдегі, ырым-тыйымдардағы қазақтың ұлттық тағамдарының орны мен рөлі, ас мәзірінің ерекшеліктері қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез-келген халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің кешенінде негізгі орындардың бірі адамның алғашқы, негізгі және күнделікті өмірлік қажеттілігін құрайтын тамақтану мәдениеті жатады. Ұзақ уақыт бойы оның ұлттық формалары сақталады, атап айтқанда: тағамдардың құрамы; тағамдарды дайындау, сақтау, оны тұтыну тәсілдері; тамақтану үрдісінде қалыптасқан дәстүрлер; тағамның этникалық ерекшелігі; мерекелік және салттық тағамдар; тамақтану этикетінің нормалары мен ережелері; артықшылықтар мен тыйымдар.
Тамақтану – адамзаттың материалды мәдениетінің көрінісі. Азық-түлік халықтардың мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін көрсететін маңызды этнологиялық көз болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі мемлекеттік бағдарламалармен де айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениетін жаһандық нарыққа шығару, ұлттық брендтерді насихаттау, материалды мәдениетті сақтау және дәріптеу, ішкі және сыртқы туризмді дамыту. Ұлттық тағам материалды мәдениеттің көрінісі мен жетістігі болғандықтан туристік өнім ретінде дамыту, ұлттық бренд ретінде насихаттау маңызды. Сонымен қатар, дәстүрлі тамақтану жүйесі өзіндік ұлттық маркер болып табылады және халықтың тарихын ғана емес, оның қазіргі жағдайдағы мәдени мұрасының жұмыс істеу механизмін зерттеу көздерінің бірі ретінде қызмет етеді.
ЮНЕСКО жанындағы «Food and Culture. The Spice of Life» журналының бас редакторы Э. Глиссеннің пікірі бойынша: «тамақ адамның негізгі қажеттіліктерінің бірін ғана қанағаттандырып қоймайды, сонымен қатар, оның мәдени байланысының маңызды элементі болып табылады. Тамақтану үрдісі – мәдени рәсім, ол арқылы адам өзін белгілі бір мәдениеттің бөлігі ретінде таниды» [1]. Ендеше, тамақтану мәдениеті мен дәстүрін зерттеу адамзаттың ұлттық мәдени бірегейлігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дәстүрлі тағамдардың қазіргі халықтың көз алдындағы тартымдылығы оның салауатты өмір салтына сәйкестігі туралы идеялармен де байланысты.
Зерттеу нысаны – қазақ халқының салттық тағамдарының ерекшеліктері.
Зерттеу пәні – қазақ халқының ұлттық тамақтану мәдениетіндегі ырым-тыйымдар, алиментарлық тәжірибелер, күнделікті және салттық тағамдарды дайындау тәсілдері, ұлттық ас мәзірі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрімен байланысты тамақтану жүйесі мен салттық тағамдарды әзірлеу, ұсыну үрдісін талдау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалды:
Тамақтану антропологиясы туралы дереккөздерді талдау және жүйелендіру;
...