Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дала қоңырауы

Автор:   •  Октябрь 12, 2023  •  Эссе  •  306 Слов (2 Страниц)  •  116 Просмотры

Страница 1 из 2

Дала қоңырауы

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - дегендей Ыбырай Алытынсарин қазақтың нағыз жанашыры. Ол сол кездегі қазақ балаларының болашағына алаңдап, бар білгенін үйретіп, оларға жол сілтеуші болды. Балаға білім беруде әртүрлі методикаларды ойлап тауып, оны практикалық тұрғыда жүзеге асырды. Басқа да оқытушылар оның білім беруіне қызығып, кеңес сұрап, біраз нәрсені үйренген.

Қазақ үшін ең алғаш дала қоңырауын соққан адам – Ыбырай Алтынсарин. Ол Торғайда алғашқы мектепті ашқаннан кейін, басқа да елді мекендерден мектеп ашуды көздеп, сол армандарына бірте бірте қол жеткізді. Оның мектеп ашуына үкімет көмектесе қоймады. Бірақ ол сонда да қайтпас қайсарлықпен өз ойлағанын бас тартпады. Мектеп ашылғанша өз үйінде білім берді. Алайда Ыбырайға тіпті өз туыстары да қарсы шығады. Оған «отаршыл», «шоқынған» деп айып таққан. Ол бұл қиындығын Катаринскийге жазған хатында айтады:

"Қазір жан дүнием құлазып, өте көңілсіз жүрмін. Көмек күткен үкімет орындары қолдаудың орнына заңды да, заңсыз жолдармен мені қудалауға салып отыр. Бұдан кейін қандай әділдік күтуге болады.Осының бәрі ашық сот арқылы анықталса екен деген тілек көкейімнен кетпейді",  - деген екен.

Ол сонымен қатар сол кездегі үйден оқытып, қаншама ақша талап ететін молдаларды сынады. Шынымен де ата аналар балалары араб тілін меңгерсін деп молдаларға оқытқан. Бірақ сол молдалар әр балаға дүре соғып, білім берген. Ал таяқ жеп оқыған баланың білімге деген құштарлығы сөнетіні анық. Бұны Ыбырайдың өзі баланы білімге ынталандыру кезінде жіберетін қателік деп есептеді.

Ыбырай өзінің өлеңдері арқылы да біраз нәрсені үңдейді. Мысалы,

«Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық» , - өлеңі арқылы халықты білім алуға шақырып, ғылым, білім, ілім адамның ештеңеге айырбастамас байлығы екенін көрсетті.

«Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде халыққа өзге елдердің білім алуын өнеге ете отырып, қазақ балаларын патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.

   Міне, Ыбырай Алтынсарин қазақ үшін біраз еңбек сіңірген. Оның ағартушылық жолымен біраз бала хат танып, жақсы білім алды. Қоңыраудың қандай болғаны емес, оны кім соққаны маңызды. Сонда ғана оның соңынан еретін адамдар білімге құштар болады және білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (36.1 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club