Білім-сарқылмайтын байлық
Автор: Ayajean11 • Июнь 4, 2023 • Доклад • 258 Слов (2 Страниц) • 203 Просмотры
Сарқылмайтын өзеннің,асау биік таулардың шыңын көре тұра,сарқылмайтын білім мен биік ғылымның шынына келгенде көзі соқыр болатын жандарды көріп пе едіңіз?Қараңғы қапастың құрсауында қалып,бостандыққа ұмтыла алмаған дәрменсіз халді ше?Дегенмен,биік шыңды бағындыру жолында күш емес,бостандыққа ұмтылу жолында қайрат емес-жарық білімнің қажеттілігі еді.Бірімізден бірімізді ерекшелеуші әрбіріміздің өмір жолымыздағы мақсат болса,ал үйлестіруші білім жолындағы әрекеттеріміз.
Ғалым да туған анадан,дана да туған анадан,надан да туған анадан. Иә,осынау бір асыл сөздің түбінде терең мағына бары сөзсіз.Кезіндегі сонау Абай,Ыбырайлардың заманында,онан бері Ахметтерді алар болсақ,барлығы дерсің өмірін ілім жолына арнады.
Надандықтан басты емі-білім алу дерсің.Міне,соның дәлелін ұлы тұлғаларымыз көрсеткен-ді.
“Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам?!”,-деп Сұлтанмахмұт атамның айтқан сөзі,білім алу жолында маған үлкен үлгі,өнеге беретінін түсіндірмесем де ап-айқын болып тұр деп ойлаймын. Тіпті,ғұмырының соңында айтқан сөзінде:”Соңғы тиыным қалғанша оқимын,маған тағыда ғұмыр берілсе,мен өзімді білім жолына арнар едім”,-дегені қазіргі қазақ ұрпақтары,мына біздер,жасөспірімдер,неге осы сөзді жүрегімізге мықтап бекітіп алмасқа?!Дегенмен,бойында ұлы тұлғалардың қаны бар,жаны бар жастардың бойында білімге деген құштарлықтың сейілмесі анық.
Білімділігінің арқасында, даналығының біліктілігімен өз уақытында атақты би бола білген үш жүзіміздің билерін айтып өтпесе болмас-ты.Себебі,дауды шешу жолы болмасын,яки,үкім айту болмасын,баршасына да білімнің жеткілікті болуы аса маңызды.Қазіргі заманмен салыстырар болсақ, жастарымыздың білімге аса құштарлығында байқаймыз.Өткен замандағы надандарша,қазіргі заманымызда да надандар жоқ емес-ті. Дегенмен,көзі ашық,көкірегі ояу жандар басым.Интернет дамыған заманда,шеткі ауылда қалған баланың өзі,өз білімдерімен елге танылып,атағы жер жарып жатыр.Мұнымен еліміздің бірлігі мәңгі болары хақ.
...