Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
Автор: bergalee05 • Сентябрь 18, 2022 • Эссе • 722 Слов (3 Страниц) • 2,669 Просмотры
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ –
деген екі ауыз өлең жолы жүрекке ыстық бататындай мағыналы тұжырым. Шынында, табиғаттың тілі болса осы уақытқа дейін қанша шағым түсер ме еді? Әттең, тілі байлаулы! Адамзат үшін осы киелі мекеннің ішінде қандай сыр жатқаны беймәлім. Осы ұғымға тіл бітіріп, сырын ашу бақыты бүгін маған бұйырғандай.
Табиғат - тылсым жаратылыс. Ал адам баласы сол жаратылыстың ажырамас бөлігі. Біздің жасаған әрекетіміз, ісіміз табиғатқа әсер етпей қоймайды. Ол туралы айтып көңілімді түсіргімде келмейді. Сіз осы уақытқа дейін ойланып көрдіңіз бе, адам табиғаттың жанында кішкентай бала секілді көрінетінін. Көңілді босататыны, осы әлем тағдыры кішкентай баланың қолында тұр. Енді бір сәтке табиғат жоқ деп елестетіп көрейікші. Иә, қорқынышты. Не болар екен? Күн нұрына бөленбеген адамдар, құлаққа майдай жағатын бұлақ сылдыры, құстар үні естілмейді. Күйбең тіршілік деп жүрген адамдарға ауа сыйлайтын өсімдік атаулы енді жоқ. Айналаңа сән берген жасыл желек, ашық аспан, таза ауа... Осы ойға шомып отырып, денеңді үрей билейді. Ойлаудың өзі қорқынышты. Бүртүрлі сезім екені рас. Алайда, оны шындық ретінде қабылдауға мәжбүрміз. Себебі, осылай ойлау арқылы , табиғаттың адамзатқа берер сыйын,қадір-қасиетін түсінуіміз керек. Бүгінгі табиғат бейнесі көңілді босатады.
Қазіргі таңда табиғи орта мейлінше көп ластануда. Негізгі ластаушы көзі - қоқыс. Бұл қарапайым ғана мысал. Шын мәнініде, айналамызды ластайтын дүние аз емес. Мұнайды алып қарасақ, оның әсерінен теңіздегі тіршілік тоқтап жатыр. Заман талабы өндіріс болғанымен, одан шыққан әр түтін ауаны ластамай қоймайды. Осылай зардап шегіп жатқан айналамыз ішінен қалай қиналып жатыр екен. Адамға да оңай емес. Ластанған табиғатты көрген адамда да бір ой болары сөзсіз. Тіпті, сол сәтте бәрін шешуге ұмтылғысы келеді. Оның мәні, адам баласының табиғатсыз өмір жоқ екенін түсінгенінде жатыр. Міне, ендігі мәселе осы табиғатты қорғау болып табылады.
Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің кезекті жолдауында қоршаған ортаны қорғау жөнінде мәселе көтерген еді. Басшымыздың берген тапсырмалары табиғатты қорғауға жасалған бір қадам деп білемін. Өз сөзінде «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады» деген Қасым – Жомарт Кемелұлының берген бұл тапсырмасы орындалып жатыр ма? Менің ойымша, бұл- өте керемет бастама. Айналамамыз жасыл желекпен көмкерілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі таңда осыған қатысты шаралар жүргізіліп жатқанын көре аламыз. Қаламызда ағаш отырғызу қолға алынды. Еліміздің болашағы жастардың қо- лында деп жатамыз. Осы ойды негізге алған көшбасшымыз өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің мәнін атап көрсетті. Осы тұрғыда табиғатты қорғаудың жолы деп «Birge- taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізу қолға алынды. Тіпті көміртегін аз қолдану жайлы ұсыныс тастады. Біздің ендігі міндетіміз Қасым – Жомарт атамыздың сөздерін ескере отырып, табиғатты қорғау деп білемін.
...