Абай – дана, Абай – дара қазақта
Автор: agatayeva12 • Май 3, 2019 • Лекция • 1,528 Слов (7 Страниц) • 813 Просмотры
Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта»
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні
оқытушысы Ағатаева Б.Ж.
2018-2019 оқу жылы
Күні:
Тобы:
Сабақтың тақырыбы : Абай – дана, Абай – дара қазақта
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік: Абайдың өмірі туралы студенттермен әңгімелес отырып, тақырыптарды қорытындылау, қара сөздерін түсіндіру, ойларын тоқыту. Абай шығармашылығы арқылы сөздік қорларын байыту;
2. Дамытушылық: Тіл байлықтарын, ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту. Жылдам, түсініп, мәнерлеп оқуды дамыту. Білім, білік дағдыларын жетілдіру;
3. Тәрбиелік: Абай мұрасын өнеге тұтуға, Абайды оқыған сайын таңырқай отырып, терең түсінуге, білуге, қазақтың елін, жерін, тілін Абайша сүйіп, Абайша толғануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ашық сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : слайд, суреттер, қиынды қағаздар
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі :
Студенттермен амандасу, сабаққа қатысын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
«Шаттық шеңбері»
Студенттерді шаттық шеңберіне жинап, «Жүректен жүрекке» әдісі бойынша бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
[pic 1]
Топқа бөлу
Студенттер қиынды гүлдерді таңдай отырып, «Алғырлар», «Тапқырлар» атты екі топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:
Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары
Ыбырай Алтынсариннің туған жері
Шығармалары
Қоғамға әкелген жаңалығы
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Қызығушылықты ояту мақсатында студенттерге сұрақтар қойылады.
Бүгінгі тақырыбымыз кім туралы деп ойлайсыздар?
Қазақтың данасы, дарасы, әдемі өлеңдердің, әсерлі қара сөздердің авторы кім деп ойлайсыздар?
Оқушылар жауап береді (Абай Құнанбаев, 1845-1904 жылдары өмір сүрген). Абай туралы өздерінің білетіндерін ортаға салды. Жатқа өлеңдерін оқиды.
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріледі.
Абай 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді. Ұлы ақын, кішкентай кезінен анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің ертегі, аңыз әңгімелерін тыңдап өскен. Абайдың энциклопедиясы, өлеңдер жинағы, 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар.
Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза қазіретінің медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.
Абай орыс әдебиеттерімен, атап айтқанда Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.
Абай шығармашылығы
Өлеңдері – 176
Қара сөздері – 46
Поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»
Күйлері: «Май түні», «Тор жорға», «Абай желдірмесі»
Әндері: «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Татьянаның хаты» т.б.
Шығармалары
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңнен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік-шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады.
...