Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық қол өнерді заманауи насихаттау жолдары

Автор:   •  Март 5, 2023  •  Реферат  •  5,685 Слов (23 Страниц)  •  148 Просмотры

Страница 1 из 23

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қайнар ауылы

«М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жоба тақырыбы:

«Ұлттық қол өнерді заманауи насихаттау жолдары»

Жұмыстың дайындаған бағыты: гуманитарлық

Ғылыми жобаны дайындаған: Шымат Сезім 8-сынып оқушысы

Ғылыми жобаның жетекшісі: Касмурзаева Несібелі Сарсенбекқызы

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Жұмыс орындалған жыл: 2020-2021ж

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Қазақтың ұлттық қолөнері

2.2 Ұлттық қол өнер феномені

ІІІ. Практикалық бөлім

3.1 Ұлттық қол өнерді заманауи насихаттау жолдарында кәделерді дайындау

3.2 Ұлттық қол өнерді заманауи дамытудағы менің зерттеу тәжірбием

ІҮ. Қорытынды

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Аңдатпа

Ұлттық өнер - ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы.

Аннотация

Национальное искусство - одна из старейших, наиболее ценных отраслей национальной культуры-ремесла, в том числе орнамент. Орнаменты не только символ элегантности, роскоши, но и

...

Скачать:   txt (67.8 Kb)   pdf (143.4 Kb)   docx (32.7 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club