Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті

Автор:   •  Март 14, 2023  •  Курсовая работа  •  4,409 Слов (18 Страниц)  •  474 Просмотры

Страница 1 из 18

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

БӨЖ №1

 Пән:«Қазақстан тарихы»

 Тақырыбы:« Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті ».

     

Орындаған:ВТиПО 22-1 тобының студенттері:

Ордабаева Д.,Ақберген М.,Балмағанбетова М.

,Қамбарқызы А. Самигулла Г. Таласов М

.Малдыбай С.,Лесбай Д. Елеусинов Р. Хожанепесов Ш.,

Асылханов Т.,Бүркіт А.

 Тексерген: Сидешова Р.А

Ақтау,2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………3

1.Қазақстан халқының мәдениетінің қалыптасуы……………………………...……………………………………………………………………..4

2.Қазақтардың материалдық мәдениеті…….…………………………………………………………………………………………...…..8

3.14-18 ғасырлар аралығындағы ақын жыраулар…………………………………………………………………………………………….....……..14

4.Сәулет өнерлері мен ұлттық аспаптары………………………………………………………………………………………..……………19

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………….…………………………………………………………22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………………………………………………………………23

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет, қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды. Материалдық мәдениет ескерткіштері Қазақстанның байтақ жеріндегі экономика мен мәдени дамудың біркелкі болмағандығын аңғарып отыр. Қазақстанның Оңтүстік аудандарында отырықшылық егіншілік шаруашылық үлкен рөл атқарды. Отырықшы және жартылай отырықшы халықтар Сырдария бойымен Қаратауда орын тепті. Қолөнер кәсібі мен сауда орталықтары Сығанақ, Сауран, Түркістан қалаларында болды. Олар көршілес Орта Азия халықтарымен үздіксіз байланыс жасап отырды.

Жобаның мақсаты: 14-18 ғасырда Қазақстандағы мәдениеттің, әдебиеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зерттеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің қандай рөл атқаратынын көрсету. 14-18 ғасыр аралығындағы қазақ мәдениетінің тарихын  айқындайтын, Қазақтың ұлттық нақыштық киім кешектеріне, ұлттық аспаптарына, сол заманды көрнекті етіп бейнелеген жыраулармен, Қазақ елінің биікке ұстар кесенелеріне көз жүгірту. Сол ғасырдан бері келе жатқан осындай мәдени мұраларды қастерлеу,бұл өткеннің ізі әрі келер болашаққада ықпалы өте терең.

Жобаның міндеттері:

Жобаның құрылымы: Кіріспеден және 4 тараудан,4 бөлімнен және

қорытындындыдан тұрады

ЛҚазақстан халқының мәдениетінің қалыптасуы

Өткен тарихымызды қайта қарап, оның терең қойнауын ақтарып, ежелгі дүниені танып білу - аса маңызды мәселе. Халық тағдырын баян етер тарих пен оның мәдениетін оқып үйрену әр адамды отансүйгіштікке, өз елінің азаматы болуға баулиды. Міне, осындай игі істерді атқаруға Елбасының ұйытқы болуымен жүргізіліп отырған Мәдени мұра бағдарламасы мұрындық болды. Осы бағдарлама аясында оқырмандарға арналған ғылыми және ғылыми көпшілік басылымдар арқылы бірнеше кітаптар мен кітапшалар жарық көрді. Осы енбектердің алдыңғы қатарында белгілі ғалым, археолог, академик К.Байпақовтың Қазақстанның ежелгі қалалары атты кітабы тұр. Бұл кітаптың беттерінде ежелгі және орта ғасырлық Қазақстан қалалары туралы тұңғыш рет жан-жақты толық мағлұматтар берілген. Қазақстан қалалары Жер Орта теңізінен Қытайға дейінгі Еуразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдардың тоқсан торабы - Ұлы Жібек жолында орналасқан. Осы жол арқылы Шығыс пен Батыс қола дәуірінен бастап XVII ғасырға дейін бір- бірімен сауда, мәдени және саяси байланыста болды. Қазақ жеріндегі қалаларда Үндістанның інжу маржандары мен тәтті тағамдары, Қытайдың сусылдаған жібек маталары, Афрасиабтың қыш бұйымдары, Иранның күміс заттары сатылып жатты. Оқырман кітап беттерінен соңғы кездегі археологиялық зерттеулердің нәтижесі мен археолог ғалымдардың ерен еңбектерімен таныса алады. Орта ғасырлық тарихшылар мен жиһангездердің сол кездегі халықтардың этникалық тарихы туралы құнды мағлұматтар берілген. Өте бай сурет кескіндерімен отырыкшы кала халкы мен көшпелі көркемделген кітап беттерінен қазақтың кең байтақ даласында сан алуан мәдениет ошақтарының болғанын көреміз. Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұрттармен қарым-қатынас жасауы арқасында адамзаттың ежелгі өркениетінің алмас тасындай жарқыраған далалық мәдениетті өмірге алып келді. Орта ғасырларда Қазақстанда жүздеген қалалар өмір сүрген. Олардың тамаша архитектуралық үйлесімдіктері, сарайлары, мешіттері, мавзолейлері, медреселері, ұстаханалары, шеберханалары кімді болмасын таңғалдырмай қоймаған. Қазақстан археологиясындағы жарқын оқиғалардың бірі - жазба деректерде көрсетілген орта ғасырлық қалалық мәдениет пен қалалардың табылуы болды. Автор Қазақстан- тек көшпенділер Отаны деп айтылып келген жаңсақ пікірлерді жоққа шығарып, қазақ жерін далалық өркениеттің төл бесігі болғандығын дәлелдеп берді. Ол өркениет диһан мен малшы, қала мен дала мәдениеттерін бойына сіңірді. Қазақстан археологтары мен тарихшылары дамыған орта ғасырларды (IX-XII ғасырлар) қалалық мәдениеттің дамуының шырқау шегіне жеткендігін дәлелдеді. Сол кезде қоғамның, қолөнердің, ғылымның, өнердің, архитектураның шыңына жеткендігін көрсетеді. Қазақстанның қалалары саяси әкімшілік қызметін атқарып қана қоймай, қолөнердің сауда мен ауыл шаруашылығы тауарларының шоғырланған орны болды. Орта ғасырлық қалалар халқының этникалық құрамы негізінен, түркі тайпаларынан тұрды.Кеңес дәуірінде монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде отырықшы мәдениет тоқтап қалды деген пікір қалыптасқан болатын. Автор соңғы 15 жылда Қазақстан археологтары Сарайшық, Жайық, Сауран, Бұзық және Орталық пен Шығыс Қазақстанда кейінгі орта ғасырларға (XIII-XVII ғасырлар) жататын бірнеше қалаларға зерттеулер жүргізіп жатқанын баяндап отыр. Археология тәрізді ғажап ғылым мен ғалымдар еңбегінің арқасында ұлы Жібек Жолындағы орналасқан Қазақстандық Отрар, Сауран, Испиджаб, Тараз, Талхир, Суяб, Баласағұн, Қойлық, Құлан, Жайық, Сарайшық қалаларының тарихы мен мәдениеті туралы қызықты мағлұматтар алып келеміз. Дін және мәдениеттің арақатынасы

...

Скачать:   txt (64 Kb)   pdf (165.6 Kb)   docx (27.9 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club