Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы жер реформасын жүзеге асыру бойынша мәселелері

Автор:   •  Февраль 10, 2019  •  Лекция  •  1,162 Слов (5 Страниц)  •  953 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасындағы жер реформасын жүзеге асыру бойынша мәселелері.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру – жерге орналастырудың негізгі түрі. Жерге орналастыруда жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорынға тұрақты (мерзімсіз) немесе белгіленген мерзімге жалға беру жағдайында ауылшаруашылық өндірісті бекітілген жерде аумақтық ұйымдастыруы болады. Әр түрлі ауылшаруашылық өнімді шығарумен ірі мемлекеттік, мемлекеттіктен тыс кәсіпорындар айналысады. Олардың көбі әртүрлі шаруашылық аралық пен агроөнеркәсіптік бірлестіктерге кіреді, бәрақ өзінің дербестігін сақтайды және негізгі жер пайдаланушылар болады. Ішкі сынаудың тәжірибелік шаруашылықтары, жоғары колледж бен кәсіби-техникалық оқу орнының оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, өнеркәсіптік пен басқа мекемелердің қосалқы ауыл шаруашылығы болу мүмкін.

      Жер–қоғамның ұлттық және таптырмайтын байлығы. Ол негізгі табиғи қор, адамға өмір сүру мен жұмыс жасау материалдық жағдайы болады, шаруашылықтың барлық салаларын орналастыру мен даму үшін негіз, ауыл мен орман шаруашылығында өндірістіктің бас құралы, өнім алудың негізгі көзі, өнеркәсіп үшін шикізат, жылжымайтын мүлік болады. Сол себептен жерді тиімді пайдалану мен қорғау халықтың өмірі мен халі өму үшін негізгі жағдай болып саналады.

       Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 149 бабында жазылған:

  1. Жерге орналастыру Қазақстан Республикасының жер заңдылығын сақтауды қамтитын, жер қатынасын реттеуге, жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға арналған шаралар жүйесі.
  2. Жерге орналастыруды меншік түрі бойынша тиістілігі мен шаруашылық түріне қарамай барлық жер категорияларында жүреді.

                     Жерге орналастыру бойынша жұмыстар нәтижесінде белгіленген мақсаттық белгілеуді, жерді пайдалану тәртібі мен оны қорғауды, шектеу мен салмақ салуды, жер телімдерінің шекараларын, жер сапасы мен санын және Қазақстан Республикасы заңдылығымен қаралған және бекітілген басқа мәліметтерін жерлік құқық қастынасты тұлғалары үшін орындауы міндетті.

       Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 150 бабы Жерге орналастыруды жүргізу:

  1. Жерге орналастыру жұмыстары заңды тұлғалармен және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдылығына сәйкес бекітілген тәртіп бойынша жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия алған азаматтармен жасалады.
  2. Белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру құжаттары бекітіледі.
  3. Жер телімі орналасқан жері бойынша облыстық, аудандық уәкілетті органдармен келісілген жер телімінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, басқа тапсырушылармен ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары, және олардың есебінен өңделген және жасалған жерлерді тиімді пайдалану, сақтаумен және топырақтың құнарлығын көтерумен байланысты жобалар.

   Демек, жерге орналастыру екі түрге бөлінеді: ішкі шаруашылық жерге орналастыру және шаруашылық аралық жерге орналастыру.

    Жерге орналастырусыз аумақты дұрыс ұйымдастыруға және жерді қорғауға болмайды.

   Ұйымдастыру – бұл белгіленген жер аумағына немесе теліміне тәртіпті енгізу, жасау, тәртәптеу, жүйеге келтіру.

    Аумақ – өзіне тән ауданы, ұзындығы, орналасуы, пішіні және басқа қасиетімен сиппатталған табиғи мен антропогенді қасиеттерімен және қорларымен жер бетінің шектелген бөлігі.

  Аумақты ұйымдастыру – бұл белгіленген жер бетін жасау, тәртіпке келтіру, оны қажетті өндірістік, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарға сәйкес белгіленген жүйеге келтіру.

   Адам өмір бақи аумақты жеке немесе қоғамдық өндірістік мақсаттары үшін бейімдеген. Адамдардың өзінің қажеттілігі, қоғамдық және жеке өндірістік мақсаттары, материалдық игілік үшін жерді бейімдеу, аумақты ұйымдастыру ісі жерге орналастыру деп аталады.

      Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі мақсаты шаруашылық субъектке белгіленген міндетті атқаруға: максималды мөлшерде ең аз қажетті шығынмен жоғары сапалы өнімді алуға, оны уақытында қажетті тауарлық түрде тұтынушыға жеткізуге, бір жағдайда–осы мен болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтау мен қайта өрлеу адамдардың өмірін жақсарту бойынша ең маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жерде тәртіпті орнату.

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (111.8 Kb)   docx (12.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club