Тіл мәдениеті
Автор: akylzhanova1233 • Октябрь 1, 2023 • Доклад • 275 Слов (2 Страниц) • 172 Просмотры
Ең алдымен мәдениет деген не деген сұраққа жауап бергім келеді
Мәдениет – адамдық, кісілік болмыстың өлшемі.Адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады.Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
- Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.
Мәдениеттің адамзат үшін басты бес қызметтері бар:
- Адамды қалыптастыру қызметі. Мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін құрал.
- Жалғастық, мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін өмір тәжірбиелермен байланысты өзі де дамиды, қолданушылардың да әлеуетін арттырады.
- 3. Танымдық қызметі. Мәдениет пен білім тығыз байланыса отырып тұлғаның интеллектуалдық деңгейін көтереді.
- 4. Реттеу қызметі. Мәдениетте күнделікті қарапайым қатынастардан гөрі идеалдарға көбірек көңіл бөлінеді.
- 5. Қатысымдық қызмет. Бұл – мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады.
Ендеше тәл мен мәдениет сабақтастығы дегеніміз не? Олардың арасындағы байланыс қаншалықты маңызды?
Бұл сұраққа мен Ғалым Жамал Айтқалиқызының мынандай керемет сөздерімен жауап берігм келіп отыр:
«Мәдениетті тілден бөліп алып қарамаймыз, тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің ара қатынасы ерекше де маңызды, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетіні белгілі»
Себебі Тіл мәдениетпен тығыз байланысты: ол оған еніп, онда дамиды және оны білдіреді.
Осы идеяның негізінде жаңа ғылым - лингвомәдени логика пайда болды, оны ХХ ғасырдың 90-жылдарында қалыптасқан лингвистиканың тәуелсіз бағыты деп санауға болады
...