Сокралды Қазақстан
Автор: anarai13 • Май 4, 2021 • Эссе • 425 Слов (2 Страниц) • 494 Просмотры
Эссе
Сокралды Қазақстан
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту олардың картасын жасауды көздейтін бағдарлама” Бұл рухани дәстүрдің басты негіздердің бірі болып саналады.
Киелі жерлер немесе рухани қасиетті орындар халықтың рухани дәстүрінің тірегі, ерекше қастерленетін табиғи мәдени мұраның, діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері кесенелер сондай-ақ Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасына алғашқы кезеңіне Маңғыстау облысы бойынша 15 жалпыұлттық 28 өңірлік маңызыбар сокралды нысандар енгізілсе энциклеокпедияның Батыс өңірлеріне арналған 2 томына өлкеден тағы 32 қасиетті орындар мен тарихи тұлғаларыны енді. Олардың қатарында Айдар ишан, Бүркіт ата, Айназар ата, Төлеген әулие тәрізді өлкенің діни-ғибадат ету насандары ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері Қарақия ойпаты Жығылған Торыш жерлері бар.
Бүркіт ата 18 ғасырдың 2 жартысы мен 19 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген би, көріпкел, әулие, Ақбота руының Байгелдісінен тарайтын орыстың ұлы. Бүркіт атаның дүиеге келген жері Үстірт. Ол Маңғыстаудың Бозашы түбіндегі Қызан ауылынан 100 км солтүстік шығыс бағытта Тасорта жерінде жерленген. Бүркіт ата Бекет атамен замандас құрдас 103 ке келіп дүниеден өтті делінеді. Бүркіт ата қазақ руларын Маңғыстауға бастап келген рубасылардың бірі қазақтар мен түрікмендер арасындағы бейбіт қатынасты реттеуші мәмлілегер. Мәйіттер мен медреселер санынкөбейтіп халықтыңсауытына ықпал еткен ағартушы пірадар ретінде есімі елге кең тараған. Бозашы жерінен құдықтардың көзін ашып 115 тей шыңырау құдықтар қаздырған ауыз су мәселесін шешуге ұйытқы болған. Сондай- ақ Бүркіт атаның бойына жаратылысынан емшілік, сынықшылық, көріпкелдік қасиеттері дарыған. Науқастарға ем жасағанда қолындағы жібек орамалынжелпіп дауасын тусірсе малдың қамшысымен қаттығырақ сипай ұрып емдейтін болған. Келетін сынықты алдын-ала сезіп, мазасыз күй кешкен. Сынықтың дауасы түскенде қара терге түсіп, көңілі жай тапқан. Сонымен қатар табиғат құбылыстарын болжап, елді түрлі зауалдан сақтандырып айтқан әңгімелері ел аузында қалған. Халық арасында атақты сынықшы Мыңкісіге Бүркіт атаның бата бергені туралы аңыз бар, сондай-ақ Бекет атамыз Мыңкісінің дүниеге келуіне болжам айтса, Бүркіт ата Мыңкісі бойындағы құдай берген қасиетті дәл аңғарып, бата берген. Батасы қабыл болып, құмалағы ақ сөйлеген Бүркіт атаның дуалы сөзінің қадір -қасиеті бүгінде ел аузында. Бүркіт ата өзінің өмір сүрген дәуірінде де, өмірден озғаннан кейін де аруағына сиынып көмек сұрағандарға шипағаты тиіп келеді. 2006 жылы Тасорпа жерінде ұрпақтары Бүркіт атаның рухына арнап ас беріп, қабірінің басына ескерткіш кесене орнатты. Бүркіт атамыздың тарихи тұлға ретіндегі саясаткерлік, мәмлегерлік, діни ағартушылық, тіпті көріпкелдік, әулиелік, шипагерлік, емшілік, батагөйлік қала берді сынықшылық, тамыршылық қасиеттерінің әрқайсысы өз алдына зерделеп, зерттеуді қажет етеді.
...