Мәдениеттің қоғамдағы қызметі
Автор: Yernar_004 • Апрель 25, 2023 • Реферат • 643 Слов (3 Страниц) • 205 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім жіне ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет
[pic 1]
Факультеті:География және табиғатты пайдалану
Кафедра:Кадастр
СӨЖ
Тақырыбы:Мәдениеттің қоғамдағы қызметі
Орындаған:Ерман Е.Ы.
Тексерген:Құдайбергенов С.Е.
Алматы, 2022ж
Мәдениеттің қоғамдағы қызметі
Мәдениет — материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі. Бір сөзбен айтқан әр халықтың, әр мемлекеттің Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады.
Ал қазіргі таңда мәдениет адамзатқа жан-жақты қызмет көрсетуде. Тіпті біз мәдениеттің қызметін бөліп қарастырсақта болады. Ең алдымен жалғастық, мәдениеттің мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Қарапайым сһзбен айтқанда атадан балаға мұрагерлікпен қалу. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім, т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады. Одан кейінгі танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің арақатынасы. Біз бұған ислам өркениетінің дамуындағы еңбектер мен қаншама ғұлама-ғалымдардың кітаптарын жатқыза аламыз. Соңғысы реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алған-ды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла – шарғы үлгілерін көреміз. Осылайша мәдениет адамзат баласына жан-жақтан көмектесіп, қызмет етуде. Тіпті елді басқарғанда да мәдениеттің алар орны ерекше. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан.
...