Дене жаттығуларының жіктелуі
Автор: seven12 • Июнь 10, 2019 • Курсовая работа • 5,502 Слов (23 Страниц) • 1,809 Просмотры
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ.........................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Дене жаттығуларының жіктелуі................................................5
2.2. Жалпы дамытатын жаттығулардың сипаттамасы...................9
2.3. Арнайы дайындық жаттығуларының сипаттамасы...............14
2.4. Жалпы дамыту жаттығуларының сипаттамасы.....................16
ІІІ. Қорытынды.................................................................................20
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................21
Кіріспе
Мектепте дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу негізінен 5-сыныптан басталып, 11-сыныппен аяқталады. Бұл курстық жұмыста жоспарға сәйкес дене тәрбиесі және спорт бойынша өткізілетін мектептен тыс жұмыстардың алдына қойған мақсат міндеттері, бағыт-бағдарлары, оларды ұйымдастыру әдіс-тәсілдері өзінің тұтастық сипатын сақтай отырып, жүйелі түрде беріледі.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие ісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Және оқу-тәрбие ісінің міндеттерін, атап айтқанда, дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасында көрсетілген міндеттерді табысты түрде шешуге жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойып отыр.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстар мектептің оқу жоспары арқылы дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың алатын білім, білік, дағдыларын жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстар Отанға деген сүйіспеншілік пен шын берілгендікті, санылы тәртіп пен адамгершілік тәрбиесінің өзге де жақтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектептегі дене тәрбиесі және спорт жұмыстары еліміздегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы буыны және оның бір бөлігі болып табылады да, онымен барлық жағынан өте тығыз байланыста болады. Осының нәтижесінде дене тәрбиесі мен спорт бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы №1593-ші, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 мамырдағы №2261-ші «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» жарлығын жүзеге асыру туралы қаулысында көрсетілген біздің елімізде спортты дамытудің және тұрғын халықты дене тәрбиесімен, спортпен үздіксіз айналысуға тартудың жалпы міндеттерінен туындап отыр. Олар, атап айтқанда:
1) елдегі дене тәрбиесі қозғалысына кең өріс ашу;
2) спорттық шеберлік деңгейін арттыру;
3) осы негізде спорттың негізгі түрлерін таяудағы жылдары дүниежүзілік біріншіліктерде Қазақстан Республикасы спортшыларының биіктерден көрінуіне қол жеткізу.
Осы Үкімет қаулысының нұсқауларына сәйкес оқушылар арасында дене тәрбиесі мен спортты жаппай дамыту, мектептегі дене тәрбиесі ұжымы мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде оқу-жаттығу жұмыстарының сапасын жақсарту, жас спортшылардың спорттық-техникалық жетістіктерге жету деңгейін көтеру мектептердегі дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың маңызды міндеттері болып табылады. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыру ісінде, олардың денесін жан-жақты жетілдіруде, оқушылардың бос уақытын пайдалы түрде ұйымдастыруда, сонымен бірге оқу-тәрбие жұмысын жалпы жақсарту мәселелерінде мектепке көмек беру керек. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектептер дене тәрбиесі ұжымдарының үйірмелері мен секцияларына оқушыларды көптеп тартуды ұйымдастырады. Барлық оқушыларды қатыстыра отырып, дене тәрбиесі бойынша мынадай көпшілік шараларды өткізеді: дене тәрбиесі мерекелерін, спорттық жарыстарды, ойындарды, серуендерді, саяхаттарды, Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруды ұйымдастырып, дайындауды, оқушылардың, олардың ата-аналары мен мектеп ұстаздарының арасында дене тәрбиесі мен спортты үнемі насихаттауды жүзеге асырады.
...