Балабақшада ұлттық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіру
Автор: solar • Март 26, 2022 • Доклад • 1,753 Слов (8 Страниц) • 1,345 Просмотры
Жоба тақырыбы: «Балабақшада ұлттық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіру»
Жобаның түрі:Танымдық-ақпараттық.
Жоба мерзімі:ұзақ мерзімді (3-жыл)
Өнімі:презентация.
Жобаға қатысушылар:Тәрбиешілер және топ тәрбиеленушілерімен бірге.
Мақсаты:
Балабақшада ұлттық ойындардың әр түрлі ойын элементтері арқылы балалардың ой-өрісін,шығармашылық және интелектуалдық қабілетін ұштау,ұлттық ойындар түрімен таныстыру,ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.Ұлттық ойын арқылы дене қозғалыстарын дамыту.Балаларды ептілікке,шапшаңдыққа,жылдамдыққа баулу.
Міндеттері:
-Ұлттық ойындар туралы мағлұмат беру.
-Ұлттық ойындардың ережесімен таныстыру.
-Ойын кезінде бір-біріне көмектесе білуді түсіндіру.
-Ойын арқылы қимыл қозғалыстарын жетілдіру.
-Ойынды бірігіп тату ойнауға тәрбиелеу.
Жобаның өзектілігі:
Балабақшада балаларды ұлттық ойындардың түрлерімен таныстырып қана қоймай,сонымен қатар әрбір танысқан ойын түрінің керекті құралдарымен қолдана білу керек.Ойын баланың танымдық ойлары мен қимыл қозғалысын дамытады.Ұлттық ойын түрлерінің айырмашылығын біледі.
Жобаның тақырыбы балалармен тығыз байланысты.Ойын балалардың денсаулығына да байланысты.Балалар ойын арқылы дене қозғалыстарын жетілдіре түседі.Балалар ұлттық ойындар арқылы танымдық ойлау қабілеттері мен ойынның әсерін түсінеді.Ойын балалардың денсаулығын нығайтуға да әсері бар екенін түсінеді.
Жобаның жоспары:
Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын
іс- әрекет.
Балалабақшадағы балалардың жас ерекшелігіне сай ұлттық ойындарды ойнату.
Ұлттық ойындар арқылы ұлт мәдениетіне тәрбиелеу.
Жобаның этаптары:
1-этап.Дайындық бөлімі:
-Жобаға тақырып дайындау.
-Ұлттық ойындар түрлерін дайындау.
-Көрнекіліктер дайындау.
-Балалармен әңгімелесу.
2-Этап.Негізгі бөлім:
-Ұлттық ойын түрлерімен танысу.
-Ұлттық ойындарға көрнекіліктер дайындау.
Ұлттық ойындар түрлері:»Қыз қуу»»Бәйге» «Арқан тартыс»»Ханталапай»
«Асық ату» «Орамал тастамақ» «Күш сынасу» (Ақ серек те көк серек»
«Көкпар»
3-этап.Қорытынды бөлім:
-Жобаның презентациясы.
-Ұлттық ойындар туралы тақырыптық оқу іс әрекеттері.
-Ұлттық ойындар сайысын өткізу.
Балалармен жүргізілетін іс-шаралар;
-Әңгімелесу: «Ойын арқылы тынығамыз, шынығамыз» балалар пікірімен білімдерін кеңейту.
Ата аналармен жұмыс:
Ата –аналарға кеңес: «Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене қозғалыстарын жетілдіру».
Ата аналармен бірлескен жұмыс.Ұлттық ойындар бұрышына құралдар.
Мектепке дейінгі балаларды ортаға бейімдеу бағытындағы іс-әрекеттерімізді саралай келе, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламыз:
- Әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;
- Бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады;
- Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.
Өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.
Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғаның қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындауды тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі ретінде қабылдап, қоғам болып бірге қызмет атқарайық.
Ұлттық ойындар картотекасы:
«Ақсерек-көксерек» ойыны.
Мақсаты: Балалар ептілікке, бірлікке, тобы үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді.
Барысы: Балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ:
...