Арғытүркілердің мəдени мұрасы
Автор: beldeubai1 • Ноябрь 10, 2021 • Практическая работа • 856 Слов (4 Страниц) • 970 Просмотры
Тақырып: Арғытүркілердің мəдени мұрасы.
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1. Ғұндардың көшпелілік мəдениеті.
2. Ғұндардың мифтері мен наным-сенімдері.
3. Ежелгі түркі өркениеті жəне оның ерекшеліктері. 4. Түркілердің мəдени ескерткіштері.
III. Қорытынды.
Кіріспе:
Көне түркі дəуірінің мəдени, əдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, əлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық жəне саяси қондырма орнайды жəне бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс əдісі жалпы өмірдегі əлеуметтік, саяси жəне рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді
Ғұндардың көшпелілік мəдениеті:
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан – байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан əр түрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың əсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Ғұндар туралы мəліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Ғұндар 24 руға бөлінген. Əрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды.
Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде “шаньюй” деп аталған. Б.з.д. 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп əскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру əйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге əкелген. Көк тəңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дəстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар – көшпелі патриархалды ел болған. Олар алтын əшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғұндардың көшпелілік мəдениетіне “Полихромдық стиль” өнерінде əшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан əшекей бұйымдарын жасаған. Бұйымға сəндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дəнекерлеуді зерлеу деп атаған. Бай ғұндардың зираттарында алтын сырғалар, сақиналар, сақиналар, алтынмен қапталған былғары белдіктер көп кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы жануарлардың суреттері пайдаланылды. Сонымен қатар тұрақты елді мекендерден табылған шыбықтардың бастары ғұндардың тоқып, жүннен киім кигенін көрсетеді. Асыл ғұндардың бай жерлеулерінен Жібек материалдарының қалдықтары табылды, осы жерден олардың қымбат Қытай Жібегінде киінгені белгілі болды
Ғұндардың мифтері мен наным-сенімдері:
Ғұндар (хундар) Тəңірге табынған, олар бізге ата-бабаларымыздан ауысқан барлық заңдар мен əдет-ғұрыптарды, неке мен азаматтық салт-дəстүрлерді
...