Ритмикалық гимнастика элементтері арқылы дене қимылы белсендігін дамытуына эксперименталды зерттеу
Автор: Meruert1 • Февраль 6, 2019 • Курсовая работа • 16,456 Слов (66 Страниц) • 1,923 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................4
1. Церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың дене қимылы белсендігін дамытудың теориялық негіздері..........................................................................7
1.1 БЦП-ң этиологиясы, клиникалық формалары және классификациясы.....7
1.2 БЦП бар балаларда дене қимылы белсендігінің даму ерекшеліктері.......18
1.3 Ритмикалық гимнастика дене қимылы белсендігін дамыту ретінде.........26
2. Ритмикалық гимнастика элементтері арқылы дене қимылы белсендігін дамытуына эксперименталды зерттеу................................................................35
2.1 Эксперимент жұмысын ұйымдастыру және өткізу.....................................35
2.2 Балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың дене қимылын түзету жұмыстарының бағдарламасы...............................................48
2.3 Алынған нәтижелер және оның қорытындысы...........................................55
Қорытынды...........................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................66
Қосымша
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде – қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі бірінші жылға арналған бағыт - бағдарын айқындап берген болатын . [1, б.23]
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру жүйесі көп, онда оқыту, тәрбиелеу үшін жағдай жасалған жалпы мектептерде арнайы сыныптар ашылған. Бұл балалардың біраз бөлігі жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім ала алады, бірақ оқытудың дәстүрлі жүйесі бойынша бұл балалар үлгермейтін немесе 2 жылға қалғандар болып табылады. [2, б.10]
Балалардың церебралды сал ауруы - соңғы жылдары ең кең таралған аурулардың бірі болып отыр. Бұл ауру шала дамудың немесе онтогенезде мидың зақымдануынан пайда болады. Балалар церебральды сал ауруы әр түрлі қимыл-қозғалыс, психикалық және сөйлеудің бұзылыстарынан көрініс береді. Яғни, бұндай аурумен ауыратын балалардың сөйлеу, ойлау қабілеттері төмен болады. БЦП-да қимыл-қозғалыс және сенсорлық жүйелер арасындағы, қимыл-қозғалыс жүйесінің буындары арасындағы өзара әрекет бұзылады. Бұл науқас ми қыртысының жоғары қызметімен бұзылуымен,пирамидалық жолдардың және қыртыс асты өзектердің зақымдануымен сипатталады. Көп жағдайда баланың мүгедек болуына алып келе соқтырады. Кейінгі жылдары бұл ауру балалар арасында кең таралуда.
Балалар церебралды сал ауруы қалыпты дене жағдайын ұстай алуға қабілетсіздіктен және ерікті әрекеттерді орындай алмаудан да көрінеді. Қимыл-қозғалыс бұзылыстары (сал болуы, парез, координацияның бұзылуы) психиканың, сөйлеудің, көрудің, естудің, сезімталдықтың бұзылуына әкелуі мүмкін. Емдеу ми зақымдануынан болатын қызметті қолдауға және қалпына келтіруге бағытталған өмір бойғы, ұзаққа созылатын үдеріс болып табылады. Ата-аналарға балаларды оңалтуға біршама уақыты мен күшін салуға тура келеді.Бұл мидың белсенді дамуына және қандай да бір жоғалтқан және бұзылған қызметтерді дені сау бөлімі өзі атқаруына байланысты. БЦП неғұрлым емделуді және оңалтуды ерте бастаса, солғұрлым бұл үдеріс табысты болады. [3, б.45]
...