Әскери идеологиялық жұмыстар
Автор: Aslanmyrza • Октябрь 14, 2018 • Реферат • 899 Слов (4 Страниц) • 2,087 Просмотры
Тәрбие процесінің маңызды элементтері, белгілі бір деңгейде оның негізі – адам өмірінің, қоғам, мемлекет, Қарулы күштер, әскери қызметтің әртүрлі аспектілері бойынша идея, теория, концепция, ғылыми ережелер, көзқарасты қоса алғандары оның мазмұны: толығымен әскери қызметшінің қалыптасуы мен жетілуіне қатыстылар.
Әскери қызметшілерді тәрбиелеу мазмұны мемлекеттік-құқықтық даярлықтың барлық тәрбиелік іс-шаралардың және тәрбие субъектісінің әрекеттерініңмжоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған.
Тәрбие теориясында «мазмұн» түсінігі әскер тұлғасының дамуы негізделген идеялар мен ережелер кешенін анықтау үшін қолданылғандықтан, бұл жағдайда «тәрбиенің түрлері мен бағыттары» термині қолданылады.
Тәрбиенің барлық түрі мен бағыттары қаруланған Отан қорғаушы үшін қажетті жоғары моральдық-жауынгерлік және физикалық қасиеттерін игерген әскери қызметшінің тұлғасын дамытудың жалпы және жекелей мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін тәрбиелеу мазмұны оның негізгі түрлерінің жиынтығы арқылы ашылады олар: мемлекеттік-патриоттық, әскери, адамгершілік, құқықтық, экономикалық, эстетикалық, физикалық және экологиялық тәрбиелеу.
Мемлекеттік-патриоттық тәрбие – қоғам негізін нығайту мен жетілдіруге белсене қатысуға қаблетті, қорғаныс пен тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.
Әскери қызметшілерді мемлекеттік-патриоттық тәрбиелеудің негізгі бағыттары мыналар:
- Бейбіт және соғыс уақытында мемлекеттік міндеттерді тиімді шешуге әскери қызметшінің тұлғасының белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
- Қазақстан халқының және Қарулы Күштерінің батырлар дәстүрі негізінде Қарулы Күштердің моральдық рухын жетілдіру.
- Халықтар достығы рухында әскери қызметшілердің көпұлттық тәрбиесін жетілдіру.
Әскери тәрбие – Қаруланған Отан қорғаншысын даярлау мақсатында әскери қызметшіні адамгершілік және физикалық дамытуға жүйелі және мақсатты бағытталған ықпалының процесі.
Әскери тәрбиенің негізгі бағыттары:
- Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша жинақталуына көшу процесінде әскери қызметшілердің кәсіби өсу жағдайын жасау.
- Әскери қызметшілердің олардың шешетін міндеттеріне кәсіби және моральдық-психологиялық даярлығына сәйкес қамту.
- Оқу-тәрбие процесі барысында қазіргі заманғы ұрыстың нақты жағдайын модельдеу
- Әскери бөлімдерде әскери қызмет, тұрмыс пен күнделікті қызметте қатаң жарғылық тәртіпті сақтау.
- Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамту жөніндегі жағдайын жасау.
- Әскери міндетті орындауда барлық категориялы әскери қызметшілердің лауазымды тұлғалардың жеке үлгісін қамту.
- Тәрбие мақсатында әскери дәстүрлер мен ритуалдар жүйесін қолдану.
Адамгершілік тәрбиелеу – әскери қызметшілерге оларда қажетті рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында санасына, сезіміне және күш-жігеріне ықпал ету.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары болады:
- Әскери қызметшілерді қоғам тарапынан олардың кәсіби және адамгершілік келбетіне қойылатын талаптар туралы біліммен қаруландыру.
- Әскери қызметшілерге әскери қызметтің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру.
- Әскери қызметшілердің моральдық жетілуіне қажеттіліктерін көтермелеу.
- Әскери қызметшілердің адамгершілік дамуының қол жеткен деңгейіне сәйкес тәрбиелік ықпалдарды қолдану.
- Тәрбие мақсатында әскери қызметшілердің жеке ерекшеліктері, қоғамдық ойдың және әскери ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат зерттеліп, қолданылады.
- Әскери қызметшілерді тәрбиелеуде қоғамдық бірлестіктердің рухани-ізгілік потенциялы қолданылады.
Құқықтық тәрбие – әскери қызметшілерге оларда тұрақты құқықтық көрінісін қалыптастыру, сенім мен сезімді, оларға жоғары құқықтық мәдениетті, белсенді құқықты тәртіптің машақтары мен әдеттерін дарыту мақсатында мақсатты және жүйелі ықпал ету.
Құқықтық тәрбиенің негізгі бағыттары:
...