Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әкенiң жақсылығы – балаға өмiрлiк азық

Автор:   •  Апрель 8, 2019  •  Реферат  •  1,559 Слов (7 Страниц)  •  534 Просмотры

Страница 1 из 7

Әкенiң жақсылығы – балаға өмiрлiк азық

        Тақ адамның көркi болу оңай. Ал адам тақтың көркi болу қиын. ХIҮ ғасырды алтын таққа отырған әз Жәнiбек, тақтың шын иесiне айнала бiлдi. Оған жауынгерлiгi, соғыс құмарлығынан гөрi, ақыл-парасаты көмектестi.

        Сондықтан бүгiнгi бiздiң әңгiмемiз – қарапайым қазақ семьясынан шыққан, өмiрде үлгi боларлық тұлға жайлы болмақ. Ол 35 жыл Семей қаласының ел тыныштығы күзетiнде еңбек етiп, қатардағы  милиционерден генерал дәрежесiне көтерiлген Кабен Садықұлы Беспаевтың  Отанға адалдығы, досқа қайырымдылығын атап өткiмiз келедi.

        Генерал Беспаевтың Семей өңiрiнде бiлмейтiн кiсi азын-аулық шығар. Әсiресе iшкi iстер қызметкерлерiне әйгiлi тұлға. Кеңес дәуiрiнде қазақ елiне қызмет етiп, қара көздердiң алды болып генерал атағын алған адам. Ол уақытта бодандықтың құрсауында болған, дербес тұлғаларға қызмет бабы бойынша жоғарлау, өте үлкен жiгердi талап еттi. Қазақ семьясынан шыққан азаматқа, қызмет бабында белгiлi бiр жетiстiктерге жету үшiн шыдамдылық пен төзiмдiлiк керек болды. Сонымен қатар қазақ ретiнде iшкi iстер қызметiнде жүрген басқа қандас ағайындар мен бауырлары арасында дипломатиялық тiл табысу керектiгiн ерекше атауға тұрады.

        Кабен Садықұлы ағамыздың дүниеден өткенiне биыл 12 жыл болады. Соған қарамай ол қазақ тұлғасының өз заманында елге қайырлы болғаны бiзге әйгiлi. Тiптi әлi күнге дейiн, Генерал Беспаев ағамыздың жақсылықтары жайлы Семей елiнiң ер-азаматтары ауыз толтырып айтады.

        Мысалға: Мамытов Жарылқасым, iшкi iстер министрлiгiнiң еңбек ардагерi, құрметтi демалыстағы полковник: Зейнетке шыққанымды менi қалаға көшiрiп алып келгенде, пәтер алып берген де осы Қабең болатын. Тiптi қалаға көшiп келгеннен кейiн: “Жеке, қол қусырып бос отырма, тез қартайып кетесiң” – деп қарағай iшiндегi милиция қызметкерлерiнiң демалыс үйiне директор етiп тағайындады. Онда мен оншақты жыл ұдайы еңбек еттiм. (Журналист - ақын Рахметолла Смағұл жазған “Көкен тауының қаршығасы” кiтабы. 236 бет)

        Мағжан Орымбаев, Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген мұғалiм, дербес зейнеткер, Ұлы Отан соғысының ардагерi:

        Қабен өз iсiне шынайы берiлген адал азамат, қайырымды да қатал басшы бола бiлдi.

        Қабенмен сыйлас, сырлас болған жылдардың iшiнде оның бiреудiң сыртынан сөз айтып ғайбаттағанын, немесе әлдекiмге қиянат, жала жапқанын естiгем жоқ. Керiсiнше әрiптестерiн мақтан тұтып отыратын. Қолынан келгенше қол астындағы қызметкерлерiнiң ешқайсысынан көмегiн аяған жоқ. “Елiм” деп еңбек еттi, “елiм” деп дүниеден өттi. Артында өнегелi iсi қалды…

        Насима Мырзабайқызы Беспаева:

“Бұл күндерi мен өзiм де келiндi болып, ене атанып, немерелер сүйiп отырсам да бiр нәрсе жетiспейтiндей болады да тұрады. Ол, сiрә, “қызым”, - деп еркелеткен асыл әкемiздiң мейiрiмдi қоңыр үнi…”

        Генерал Беспаев ағамыз үлкен тұлға, кемеңгер бола тұра, артынан өлмейтұғын iстер қалдырған. Iшкi iстер қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда:

        Генерал Беспаев өзiнiң қол астындағы қызметкерлерiнiң, олардың үй-iшiнiң жағдайын ойлап, зор тәуекелге барып, “орнымнан алып тастайды-ау” – деп қорықпай, игi iс тыңдырған тұлға. Сонымен қатар генерал Беспаев ағамыз өзiнен кейiнгi бiрнеше генералдар тәрбиелеген қайраткер. Олар: генерал Лагерь А.И., генерал Бапсанов А.К., генерал Власов Н.А., генерал Аманжолов М.М., генерал Храпов И.Ф., генерал Дюкенев А.Р., генерал Цимбал Г.Е., генерал Қайдаров Р.Е.

        Қазiргi заманда кейбiр құрбы-құрдастар, қаражат пен мансаптың буынан тарылып жүр. Кей қазақтар, әсiресе қаражатты және әлдi кәсiпкерлер, тiптi өз туғандарына да қарайласпайды.

        Бiз тарихтан бiлемiз 30-шы және 50-шi жылдардағы Сталиндiк дәуiрдiң репрессиялық буы қазақ қатарынан өте ойсыратып кеттi. Сол “нәубат” кезеңде қазақтар туған ағаларының, апайларының не iнiлерiнiң, қарындастарының жетiм қалған  балаларын бауырларына басып, тәрбиелеп едi. Қазiргi кезде “әлдi-сымақ” қазақтар, туғандарының әлеуметтiк жайы қиын болса да бiр-бiрiне қарайласпайды. Бiрақ, әрине барлық қазақты кiнәлаудан арымыз.

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (93.1 Kb)   docx (13.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club