Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алаш қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясына талдау

Автор:   •  Декабрь 23, 2022  •  Контрольная работа  •  3,375 Слов (14 Страниц)  •  346 Просмотры

Страница 1 из 14

               Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

                                                  «Тұран» университеті

                               [pic 1]

                                   

                           БАЯНДАМА

Тақырып: “Алаш қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясына талдау ”

                                                               

                                                                               

                                              Орындаған:  СамбетАйғаным

                     Тексерген:Медетканов Жандос Сабыржанович

         

               

                                  Алматы 2022 ж.

Жоспар:

Кіріспе:

 1 Алаш қозғалысының пайда болу қарсаңындағы Қазақстанның қоғамдық саяси дамуы

2 Алаштықтардың саяси және қоғамдық қызметтері

3 Қорытынды

4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі:  Алаш қозғалысы – XX ғасырдың басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. Алаш идеясының өзектелігі – қазақ зиялыларының  ұлттық мемлекет құрудағы талпынысы. Алаш идеясының негізгі тұжырымдамаларының өзекті тұстарын Қарқаралы петициясынан, «Алаш» партиясы бағдарламасынан және ұлттық-демократиялық қозғалыс ірі өкілдерінің еңбектерінен көре аламыз. Бұл Ресей империясының 1822–1824 жылдардағы отаршылдық саясаты салдарынан үзіліп қалған үш мыңжылдық дәстүрі бар мемлекеттілікті қайта қалпына келтіруге деген талпыныс еді. 1905 жылы 26 маусымдағы «Қарқаралы кұзырхаты» деп аталған Қоянды жәрмеңкесінде  Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мәселелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған құжат осы қозғалыстың бастауы болып табылады. Осы оқиғадан кейін Қазақстанның көптеген өңірлерінен патшалық билікке құзырхаттар жолдана бастайды. Осы жылы қарашада Мәскеуде қазақ халқының жағдайы жөнінде Ә.Бөкейхан, автономшылар сиезінде М.Тынышбаев сөз сөйлейді. Аталған жылы Орал қаласында қазақ облыстары өкілдерінің сьезі ұйымдастырылып, «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру жөнінде шешім жасалып, партияның бағдарламасы қабылданады. Зиялылардың осындай саяси әрекеттері Алаш қозғалысын 1905 жылы бастауға мүмкіндік берді.

Қазіргі мемлекеттілігіміздің негізінде осы Алаш автономиясы да тұр деуге толық негіз бар. Оны ашық мойындаумыз керек. Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының құрылуы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы мен мемлекеттілік дәстүрдің жандануына үлкен ықпал етті. Ең бастысы Кеңес үкіметі автономия құру керектігін түсінді. Алаш автономиясы қазақ совет автономиясының құрылуына (1920 ж.), кейін оның одақтық республикаға (1936 ж.) айналуына және тәуелсіз Қазақстанның (1991 ж.) жариялануына негіз қалады.Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. «Алаштың» өсиеті – ұлттық тарихи-мәдени бірлігімізді сақтау». Алаш қозғалысының идеялары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан ғалымдар жеткілікті.Алайда соның ішінде Кеңес Нұрпейістің қосқан үлесі зор. 1995 жылы «Алаш һәм Алашорда» монографиясын жариалады. Бұл еңбекте Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихына байланысты нақтылы оқиғалар зерттелген. Алаш қозғалысының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев сияқты жетекші қайраткерлерінің жеке мұрағаттарымен жарияанған еңбектерінде кездесетін деректемелер болып бөлінген. [1,1-4 б] Осылайша төрт топқа бөліп қарастырылған Алаш қоғалысының тарихи деректемелік негізіне К.Нұрпейіс жеке-жеке анықтама беріп өткен.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларынық отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресі, Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет — Алаш автономиясын құру жолындағы жанкешті еңбегі тың деректер:М.Қойгелдиевтің  «Алаш қозғалысы» кітабында [2].Осы кезге дейінгі Алаш зиялылары туралы жарық көрген барша еңбектер сұрыпталып, қорытылып, тиянақталып беріліп отырған келесі бір еңбек: Ғ.Әнес пен С.Смағұлованың «Алаш. Алашорда. Энциклопедия»берілген [3].

...

Скачать:   txt (44 Kb)   pdf (199.5 Kb)   docx (49.4 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club