Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз

Автор:   •  Апрель 14, 2022  •  Контрольная работа  •  318 Слов (2 Страниц)  •  311 Просмотры

Страница 1 из 2

1. Қазіргі қоғамдағы тарихи жадының қажеттілігін дәлелдеңіз 

Тарихи жады мен тарихи білімнің арақатынасына соңғы жылдары ғылымның да, қоғамның да назары ауып, пікірталас тақырыбына айналды. Тарихи жады - ұжымдық сананы қалыптастырудың негізгі діңгегі. Әрі ұрпақтан ұрпаққа берілетін тарихи оқиғалар, аңыздар мен мифтер, тіпті орын алған жағымсыз оқиғалар туралы субъективті ойлардың жиынтығы да. Себебі жады адамның, халықтың, елдің өткен тәжірибесін есте сақтау, сақтай білу және қайта жаңғыртумен байланысты. Жадының бұл қасиеті адамға да, қоғамға да тән. Совет дәуірінде антогонистік күштердің ықпалымен қалыптасқан ұжымдық тарихи жады бақылауға алуға болатын құбылыс болды. Оны түзету, басқару, тіпті онымен айлалы әрекеттер жасау орын алды. Қазақ қоғамы үшін осы кезеңдегі тарихи жады бір сәт қайғы-қасірет шегу проблемасын көбірек көтеретіні мәлім. «Шынайы тарихи оқиға немесе тұлға туралы жады халық есінде екі не үш ғасыр ғана сақталады, сосын мифологияға астасып кетеді» деген М. Элиаданың пікірінде шындық бар. Тарихи жады социомәдени феномен ретінде тарихи оқиғалардың мәнін түсінуге бағытталады. Оның сақталуын, ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін бірден-бір діңгек – архив. Ол әр халықтың тарихи жадысы жазылған тарихи ақпараттың шоғырланған орны. Архив әр тарихи оқиғаны, құбылысты құжаттаумен (архив құжаттарының барлық түрі) байланысты үлкен тәжірибенің ошағы. Ұлттың тарихи жазба мұрасы – халық қазынасы. Демек, тарихи жадының шынайы бет пердесін құрастыру үшін «Мәдени мұра» бағдарламасының ұлт тарихының әлеуетін сақтау және тарихты өзектілендіруде көкейкестілігі айқын. Құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшаларды қамтитын диссертация тақырыбының ауқымы үлкен және аса күрделі міндеттерді шешуге бағытталған. Ізденуші «ХХ ғ. Қазақстан тарихының әлеуетін сақтау мен өзектілендірудің теориялық-әдіснамалық және нормативтік-құқықтық негіздері» тарауында мәдени мұраға қатысты көптеген іргелі мәселелерді ашып көрсеткен және ғылыми тұжырымдар жасаған. Тарихтың әлеуетін сақтау және оны өзектілендіруді қарастыруда бірқатар көкейкесті проблемаларды анықтаған. Совет қоғамы өз пайдасына өзімшіл өктемдік орнату мақсатында тарих ғылымында ұлттық мүдде толығымен ысырылды. Архив саласында құжаттарға өте қатаң бақылау орнады. Ішкі сұраныс пен қажеттілік ескерілмеген ортада тарихты өзектілендіру мәселесі өткір қойылмақ емес. Бұл мәселе бүгінгі қорғауға ұсынылатын зерттеу тақырыбымен шектелмейтінін ескерген жөн.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (60.7 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club