Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеумтеттанудың рөлі туралы

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Практическая работа  •  753 Слов (4 Страниц)  •  848 Просмотры

Страница 1 из 4

1 ОЖСӨЖ тақырыбы: Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеумтеттанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз.

Әлеуметтану-адамдар мен топтардың өзара әрекетке гүсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінезқүлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас. Әлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - әлеуметтік қүрылым. Әлеуметтік қүрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке қүруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кец әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы, Миллс былай деп жазады: 100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бүл - оныңжеке басына қатысты жайт, солай болатұра көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оныңдағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ50 миллион адамнан тұрагын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ (қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлганың мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Мүмкіндіктердіц құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема дүрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке түлғалардың жагдайын емес, қогамның экономикалық және саяси институтгарын қарастыру талап етіледі. Әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады. Әлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ», немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді. Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтайды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен әлеуметтік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен бірге қарастырудың маңызын көрсетеді

СӨЖ тапсырма: Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм)  қоғамдағы кез келген құбылыс  (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.

Біздің қоғамымыз күрделі әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесінен тұрады. Мұндай байланыстар өзара серіктестікке, ынтымақтастыққа негізделіп, жасампаздыққа немесе қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдық ситуациялардың әсерімен қиындықтарға да алып келуі мүмкін. Осындай жағдайда Әлеуметтану пәні қоғамның әлеуметтік жағдайын теориялық тұрғыдан түсінуге, сипаттауға және жүйелеуге, тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді. Әлеуметтанудың мақсаты - түрлі әлеуметтік байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіріп, дауларды шешудің тиімді жолдарын көрсету болғандықтан бізге, яғни қоғамда болған әр құбылысқа тікелей байланысты. Әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың қалыптасу сипаты адамдардың құндылықтарымен, өмірге деген көзқарастарымен, мәдениетімен, психологиясымен анықталады және олардың қалай қалыптасатындығы әлеуметтік жағдайға белгілі бір деңгейде байланысты. Сондықтан да әлеуметтануды оқу арқылы өзімізді, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны, түрлі топтарды немесе ұжымдарды, олардың әлеуметтік психологиясын, мәдениетін, түрлі ситуацияда қандай әрекетке дайын болатындығын түсіне аламыз. Мысал келтіретін болсақ, қарапайым жеке тұлғаның бір ортадан екінші ортаға ауысуы сол тұлға үшін өте бір үлкен құбылыс болып саналады. Себебі, ол тұлғаның әлеуметі, яғни қоғам, ортасы ауысты. Жаңа әлеуметке үйрену оңайға түспейді. Әр ортаның өзіндік мінезі, жүріс-тұрысы, талқылатын мәселесі, мәдениеті өзгеше. Құрылымдық функционализм – негізінен алғанда, Толкотт Парсонс, Роберт Мертон және олардың шәкірттері мен ізін жалғастырушылар еңбектеріндегі басты әлеуметтану теориясы. Келісім теориялары, оның бірі – құрылымдық функционализм және конфликт теориялары арасындағы ерекшеліктерді қарастыру аса маңызды. Көп уақыт бойы конфликт теориясы құрылымдық функционализмге балама болып келген екен. Дегенмен құрылымдық функционализм мен конфликт теорияларының арасындағы айырмашылықтарды көрсеткенмен, олардың ұқсастықтарының да маңызды екенін ұмытпау керек. Қандай уақыт, қандай мезет болмасын қоғам әр кез қарым-қатынаста сондықтан оны бір орында ұстап тұру немесе белгілі бір тәртіпті енгізген күйде де оның арасында конфликт немесе түсініспеушілік болмайды деп айта алмаймыз. Құрылымдық-функционалдық теория, әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асыралытыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмым істейтінін зерттеуге мүдделі. Құрылымдық- функционалдық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұғылданады. Бұл функцияның әлеуметтанушылар үшін маңызы өте зор. Мысалы, белгілі бір жоғарғы сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мектеп кештері негізінен мектеп рухын қалыптастыру, оқушылар арасындағы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға сияқты бірнеше функцияларды атқаруға арналған. Бұл мысалдан қоғамды сақтауға үлес қосатын әлеуметтік құрылым кейбір топтарға басқалардан артық пайда әкелу мүмкіндігін байқаймыз

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (64.2 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club