Қазақстан тарихының кезеңдері
Автор: darinabukan • Сентябрь 12, 2021 • Реферат • 1,320 Слов (6 Страниц) • 2,169 Просмотры
- Тарих ғылым ретінде:
Тарих (көне грекше — сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Тарих – жай ғана ғылым емес, бұл адамзаттың әлеуметтік жадының формасы, оның негізгі міндеті адамзатпен жинақталған тәжірибені жалпыландыру және өңдеу болып табылады.
Сол уақытта тарих адамдардың сана-сезімінің маңызды үлгілерінің бірі, қоғамды өздігінен сәйкестендірудің негізгі тәсілдерінің бірі, адамдардың әлеуметтік кеңістікте «бағдарлану» құралы болып табылады. «Тарих – ғасырлар куәгері, ақиқат шырағы, естелік жаны, өмір тәлімгері», - деп жазған, ежелгі Рим философы Цицерон.
Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажет болды. Көне Рим тарихнамасында (қазіргі заманда тарихнама тарихты зерттейтін тарих ғылымының бір саласы) бұл сөз тану мақсатында емес, әңгімелеу мақсатында қолданылған. Кейіннен тарих деп барлық оқиға, факт, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады.
2.Қазақстан тарихының кезеңдері
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті. Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлерден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды. XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар. XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей. Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б. Қазақ хандығының – мемлекетінің XVI – XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар хан (1538-1580), Есім хан (1598-1628), Тәуке хан (1680-1718). Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Президент сайлауы болды. Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзін Егеменді Республика деп жариялады. 1992 жылы Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін тәуелсіз Республика деп жариялады. 1995 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
...